Қоршаған орта мен адам денсаулығы

Қоршаған ортаның жағдайы адам денсаулығына тікелей әсер ететіні бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр. Әсіресе ауылдық аймақтарда экологиялық жағдайдың нашарлауы тұрғындардың түрлі ауруларға шалдығуына себеп болуда. Осыған байланысты Жетісай ауданы аумағындағы ауылдық елді мекенде қоршаған ортаның адам денсаулығына әсерін анықтау мақсатында жергілікті зерттеу жүргізілді.

Зерттеу барысында ауыл тұрғындары арасында сауалнама алынып, оған 60 адам қатысты. Нәтижесінде сауалнамаға қатысушылардың 45 пайызы тыныс алу жолдары ауруларымен жиі ауыратынын, 30 пайызы аллергиялық ауруларға шағымданатынын көрсеткен. Қалған тұрғындар экологиялық жағдайдың денсаулықтарына айтарлықтай әсер етпегенін айтқан.

Тұрғындардың пікірінше, ауыл маңындағы тұрмыстық қалдықтардың уақытында шығарылмауы, жол бойындағы шаң-тозаң және ауыз судың сапасы негізгі экологиялық мәселелердің бірі болып отыр. Әсіресе жаз мезгілінде шаңның көбеюі балалар мен егде жастағы адамдардың денсаулығына кері әсер етеді.

Мамандардың айтуынша, ауаның және судың ластануы адам ағзасына бірден байқалмаса да, ұзақ уақыт бойы түрлі аурулардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау, тазалық сақтау және табиғатқа жанашырлықпен қарау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Жүргізілген зерттеу қоршаған ортаның тазалығы халық денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Табиғатты қорғау – болашақ ұрпақтың амандығына жасалған қамқорлық.

Алма БАБАШЕВА,

№10 «Қайнар-мектеп» гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі география пәні мұғалімі.

Гүлбаршын  ҚОЖАБЕК,

9 «А» сынып оқушысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *