Жылы-су ауылдық округінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Бұл мерекеге «М. Шоқай атындағы №26 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы да белсене қатысты. Мектептің орыс тілі, қазақ тілі және математика пәндері бірлестіктерінің оқушылары мен ұстаздары мерекелік іс-шараның көркін одан әрі арттырды.

Сонымен қатар, ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлерге арналған іс-шаралар өткізіліп, оқушылар белсенділік танытып, тапқырлық пен шапшаңдықтарын көрсетті. Дастархан жайылып, Наурыз көже ұсынылды, ауыл тұрғындарына қазақ халқының қонақжайлылығы танытылды.
Жылы-су ауылдық округі әкімшілігі атынан мектепке алғыс хат табысталып, ұйымдастырудағы белсенділігі мен үлесі үшін марапатталды. Осындай шаралар жас ұрпаққа ұлттық құндылықты дәріптеуге және дәстүрге деген құрметті арттыруға зор үлес қосады.
ҚББП: Д. АЙБЕКОВА,
М.Шоқай атындағы 26 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
