Skip to content
Басты бет / Жаңалықтар / ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ! ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!

ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ! ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!

43 қаралым

Түркістан облысында өткен «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурстың облыстық іріктеу кезеңінде Қ.Дәрімбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Алимкул Жания жүлделі ІІІ орынды иеленді!

Оқушының жетістігіне бағыт-бағдар беріп, білімін шыңдаған жетекшілері Баймахан Еркебұлан Ниятұлы мен Мұхамеджанова Жансая Бақытжанқызына алғыс білдіреміз!

Жетістіктеріңіз еселеніп, шәкірттеріңіздің жеңісі көбейе берсін!

Бұл – білімге деген құштарлықтың, ізденістің және тынымсыз еңбектің жемісі. Жетістіктеріңіз еселеніп, алар асуларыңыз биік болсын!

Жанияны жүлделі орнымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!

Акхал АГАЙДАРОВА,

Қ.Дәрімбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің директоры.