КҮЗ АРУЫ — 2025

Ш. Ділдәбеков ауылдық округіне  қарасты “Бірлік” ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен             “Күз аруы — 2025” өнерлі арулар  байқауы өтті.

Байқау кезеңдері:

Таныстыру;

Өз өнері;

Үй тапсырмасы

 Сұрақ-жауап

Сән үлгісі.

Байқауға қатысушы қыздарымыз көрермендерге өздерінің өнерлері мен шығармашылығын паш етті, мың бұралған биші қыздарымыз, жезтаңдай әншілеріміз, күмбірлеген күй орындаушы қыздарымыз, сахнада жаңа қырынан да көріне білген білім алушы аруларымызға әділқазы алқалары әділ бағаларын бере білді.

Байқаудың мақсаты:

— қыздарымыздың бойындағы мәдениеттілігін, өнер-білімге деген құштарлығын дамыту;

— қазақ қызына тән ибалылық пен инабаттылық қасиеттерін айқындау;

— аспаздық пен қолөнерге бейімділігін байқау.

Байқауға округте орналасқан жалпы білім беретін мектептерден 8 ару қатысып, таныстыру,      өз өнері, сұрақ жауап, ас мәзірі, сән үлгісі шартары бойынша өз өнерілерін көрсетті.

Нәтижесінде  бас жүлдені “Қ.Дәрімбаев атындағы № 41 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекетік мекемесінің 10 “Ә” сынып оқушысы Рүстем Жанерке  иеленді   “КҮЗ АРУЫ-2025” номинациясын жеңіп алды.

 Ж. Сериева,

Жетекшісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *