Skip to content
Басты бет / Жаңалықтар / М. Жұмабаевтың «Педагогикасы» – білім саласының басты құралы

М. Жұмабаевтың «Педагогикасы» – білім саласының басты құралы

7 қаралым

Білім саласы — әр халықтың саналы түрде дамуының басты құралы. Бұл салада тынымсыз еңбек, мықты қадағалау мен темірдей қатаң тәртіп, терең білім керек. Осы мақсатта еліміздің педагогика саласында еңбек еткен мықты зиялы қауым өкілдері : Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ш.Уалиханов,М.Жұмабаев сынды тұлғалардың еңбектерін дәріптей білу,дәріптеп қана қоймай, күнделікті тәжірибеде қолдана білу- педагогтардың басты міндеті.

Бүгінгі таңда білім беру саласында ұлттық құндылықтарды дәріптеу – басты міндеттердің бірі. Осы орайда №44 «Жаңа дала» мектебінің  кітапханасында 2026 жылы 01 қазан күні «М. Жұмабаевтың «Педагогикасы» – білім саласының басты құралы» тақырыбында мазмұнды ойталқы өтті. Жиынның мақсаты – Алаш қайраткері, ақын, ұлы педагог Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық мұрасын жас ұрпаққа таныстыру, оның тәрбие мен білім туралы озық ойларын қазіргі заманмен байланыстыру болды. Ойталқы барысында Мағжан атамыздың 1922 жылы жазылған «Педагогика» кітабы – қазақ тілінде тұңғыш жазылған педагогикалық еңбек екені атап өтілді. Онда бала тәрбиесінің үш негізі: отбасы, мектеп және қоршаған орта екендігі терең талданған.Ұстаздар мен оқушылар өз ойларын ортаға салды:»Баланы тәрбиелеу үшін алдымен өзін тәрбиелеу керек» деген Мағжанның сөзі – әрбір педагогтың ұстанымы болуы керек.»Баланың жаны – таза тақта. Оған не жазсаң, сол қалады» – бұл қағида бүгінгі білім беруде де өз өзектілігін жойған жоқ. Іс шара барысында мектебіміздің алдыңғы қатарлы ұстаздары: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: М.Абдраманова, математика пәнінің мұғалімі: А.Тұмабаева, МАДС тәрбиешісі : Қ.Есенбекова сынды ұстаздарымыз Мағжанның «Педагогикасының» білім беру әдістемесінің ерекшеліктерін жас мамандарға тереңдей түсіндіріп.өз ойларын жеткізе білді. Іс-шара соңында қатысушылар Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық идеялары – тек өткеннің емес, болашақтың да шамшырағы екен деген ортақ қорытындыға келді. Оның еңбектері – білім саласының басты құралы ретінде әрқашан қызмет ете бермек.

Қ.КАРМАНОВА,

№44 «Жаңа дала» ЖББМ КММ — нің кітапхана меңгерушісі.