МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЖЕТІСАЙЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Жетісай ауданы тұрғындарының түрлi тақырыптағы арыз-шағымдарына партия атынан қандай да бiр көмек көрсету, мәселелерiнiң шешiлуiне мүмкiндiгiнше ықпал ету мақсатында бүгін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Қырықбаев Темір Базарбайұлы «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ербол Ералиев, «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Әділхан Асауов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, бөлім басшылары мен мекеме басшылары қатысты.

Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күнінде өткен қабылдауға келушілер мәжілісменге апатты жағдайдағы көппәтерлі үйлердің орнына жаңа үй салу және мектептердің күрделі жөндеуі, медициналық пункт салу, газдандыру және материалдық көмек көрсету секілді мәселелерді көтеріп, құқықтық кеңестер алды. Мәселелері бойынша жазбаша өтініштерін өткізді.

Сондай-ақ, Темір Базарбайұлы парламентаридің жергілікті денсаулық сақтау өкілдерімен тікелей диалог жасау арқылы өңірлік проблемаларды тереңірек білу, аудандағы медицина мекемелерін қаржыландырудың өзекті мәселелерін талқылау, халықтың денсаулығын қорғауда ақ желеңділерді толғандырып жүрген күрмеуі қиын мәселелермен танысу, сайлаушыларды Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстармен кеңінен таныстыру мақсатында Жетісай аудандық аурухана­сына қарасты Жетісай қалалық емха­на­сының қызметкерлерімен жүздесті.

Еркін форматта өткен кездесуде медицина саласының қызметкерлері жұмыс тетіктерін жетілдіру бойынша бірқатар мәселелерді заңнамалық деңгейге шығаруды, тариф белгілеу әдістемесі мен сақтандырылушының мәртебесін қайта қарауды, ауылдағы медицина кадрларының тапшылығын төмендетуді, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды қолға алуды сұрады.

Жетісай ауданына жасаған іс-сапары барысында мәжіліс депутаты Қарақай ауылдық округінде орналасқан тәулігіне 30 тонна сүттен 9 түрлі өнім шығаруға қауқарлы «Медет Сүт» ЖШС болды. Кәсіпкермен тілдесіп, өнім түрлерімен, оны өткізу жолдарымен танысты.

ЖАҢА ЖЕТІСАЙ-АҚПАРАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған