
Республика күніне орай » Қ. Дәрімбаев атындағы 41 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп әкімшілігі мен мектеп парламентінің оқушылары үйде білім алатын , ерекше білім беруді қажет ететін оқушымыз Бекбаулов Нұрасылдың үйіне барып, тәттілер сыйлап,көңілін көтеріп қайтты.
Ізгілікке толы бұл кездесу — оқушыларға мейірімділік пен жанашырлық тың қамқорлық пен достықтың маңызын тағы бір мәрте ұғындырды . Әрбір бала назар мен жылулыққа лайық. Осындай игі істер арқылы оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді дарытып жүректеріне ізгілік нұрын себу- басты мақсатымыз.
Нұрасылға зор денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, шаттық пен қуаныш тілейміз
Мейірім сыйлау- ең үлкен бақыт!
У. КУДАЙБЕРГЕНОВА,
Қ. Дәрімбаев атындағы мектептің аға вожатыйы.
