Skip to content
Басты бет / Жаңалықтар / МЕКТЕП АСХАНАСЫНДАҒЫ ТАМАҚ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

МЕКТЕП АСХАНАСЫНДАҒЫ ТАМАҚ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

128 қаралым

Қ. Дәрімбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектепте оқушылардың сапалы әрі қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету бағытында жүйелі бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Бала денсаулығы – ұлт болашағының негізі. Өскелең ұрпақтың дені сау, ойы сергек, бойы шымыр болып өсуі үшін сапалы біліммен қатар, дұрыс әрі құнарлы тамақтанудың да маңызы зор. Осы орайда мектеп асханасындағы тағам сапасын бақылау, оқушыларға қауіпсіз әрі талапқа сай ыстық тамақ ұсыну – білім беру ұйымындағы маңызды міндеттердің бірі.

2026 жылғы 20 қазанда Жетісай ауданына қарасты Қ. Дәрімбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектепте оқушылардың тамақтану сапасы мен қауіпсіздігін бақылау мақсатында бракераж комиссиясының кезекті тексеру жұмыстары жүргізілді. Бақылау шарасының негізгі мақсаты – мектеп асханасында дайындалатын тағамдардың сапасын бағалау, бекітілген ас мәзірінің сақталуын қадағалау және оқушыларға ұсынылатын тамақтың белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау.

Тексеру барысында комиссия мүшелері асханада дайындалған тағамдардың сапасына, сыртқы көрінісіне, дәміне және ұсынылу жағдайына ерекше назар аударды. Сонымен қатар дайын тағамдардың сақталу температурасы, бекітілген ас мәзіріне сәйкестігі, пайдаланылатын азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары қаралды. Себебі тағамның құнарлылығы мен сапасы ғана емес, оның қауіпсіздігі де бала денсаулығын сақтауда шешуші рөл атқарады.

Бақылау барысында мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайы мен тазалығына да назар аударылды. Ас блогындағы тазалықты сақтау, тағам әзірлеу кезінде санитарлық талаптарды орындау, азық-түлік өнімдерін тиісті жағдайда сақтау және дайын асты белгіленген тәртіппен ұсыну мәселелері асхана жұмысының маңызды бағыттары ретінде қарастырылды.

Бракераж комиссиясының жұмысы – жай ғана тексеру шарасы емес, оқушылардың денсаулығын қорғауға бағытталған жауапты міндет. Мұндай бақылаулар асхана қызметінің ұйымдастырылуын жүйелі түрде қадағалауға, тағам сапасына қойылатын талаптардың орындалуына назар аударуға және балалардың қауіпсіз тамақтану жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тұрар ДОСТЕМЕСОВ,

Қ. Дәрімбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектепте әлеуметтік педагог.