Балалық шақ – өмірдің ең жарқын, ең қызықты кезеңі. Әр баланың бұл шағын қауіпсіз, бақытты әрі жайлы өткізу – біздің ортақ міндетіміз. Мектеп, отбасы және қоғам болып, балаларға қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызы зор.
Қауіпсіздік неден басталады?
— Физикалық қауіпсіздік: Мектеп ғимараты, спорт алаңдары, сыныптар – бәрі балаларға ыңғайлы әрі қауіпсіз болуы керек. Өрт қауіпсіздігі, алғашқы медициналық көмек жүйесі дайын болуы шарт.
— Эмоционалдық қолдау: Балалар өздерін қауіпсіз сезінуі үшін мейірім, түсіністік, қолдау қажет. Зорлық-зомбылыққа, қорлауға, буллингке қарсы нөлдік толерантность ұстанымы керек.
— Ақпараттық қауіпсіздік: Интернеттегі қауіптерден қорғау, дұрыс онлайн әрекетті үйрету – заман талабы.
Осы орайда мектептің рөлі маңызды.
— Тәрбие жұмысын күшейту: Балаларға қауіпсіздік ежелерін, дағдыларын үйрету, тренингтер ұйымдастыру.
— Ата-аналармен серітестік: Ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, балалардың қауіпсіздігін бірге қадағалау. Ата-аналармен жиналысты тартымды, қызықты етіп өткізу.
— Психологтық қолдау: Әр баланың жеке қажеттіліктерін есепке алып, қиын жағдайларда көмек көрсету.
Біз не істей аламыз?
— Мектепте қауіпсіздік ережелерін жүйелі түрде түсіндіру.
— Балаларды шығармашылық, спорт секцияларына тарту арқылы позитивті орта құру.
— Ата-аналар мен мұғалімдерге арналған тренингтер ұйымдастыру.
Әр баланың балалық шағы – қауіпсіз әрі бақытты болсын! Біз бірге осыны жасауға күш салып, жарқын болашақ құра аламыз деп ойлаймын.
Бағлан АЛТЫНБЕКОВ,
С.Сейфуллин атындағы №52 ЖББМ КММ тәрбие жұмысының орынбасары.
