Мемлекеттік рәміздер күні: мақтаныш пен мәртебе мерекесі

Жыл сайын 4 маусым күні елімізде ерекше маңызға ие мереке – Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтеді. Бұл күн – тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдеп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын, әрбір қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш сезімін оятатын айтулы мереке.Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – Қазақстанның егемендігі мен елдігінің, бірлігі мен болашағының жарқын көрінісі. Олар – халқымыздың тарихын, мәдениетін, арман-мұратын айшықтайтын қасиетті белгілер.Көк Туымыздың көгілдір түсі бейбітшілік пен тұрақтылықты білдірсе, алтын күн мен қыран құс жарқын болашаққа деген сенімді бейнелейді. Елтаңбадағы шаңырақ – ортақ үйіміз Қазақстанның ынтымағы мен татулығының нышаны. Ал Әнұран – әр азаматтың жүрегіне отансүйгіштік рух сыйлайтын, елге деген сүйіспеншілікті арттыратын асқақ үн.Мемлекеттік рәміздер – тек ресми белгілер ғана емес, олар – ұлттың рухани күші, тәуелсіздіктің айғағы, елдік сананың негізі. Әлемдік ареналарда көк байрағымыз желбіреп, Әнұранымыз шырқалған сайын әрбір қазақстандықтың жүрегін мақтаныш кернейді. Бұл – еліміздің жетістігі мен мәртебесінің белгісі.

Рәміздерді құрметтеу – Отанды құрметтеу. Сондықтан өскелең ұрпақтың бойына мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен сүйіспеншілікті сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Елін сүйген әр азамат рәміздерін қастерлеп, олардың мәні мен маңызын терең түсінуі қажет.Мемлекеттік рәміздер күні – мақтаныш пен мәртебенің мерекесі. Бұл күн әрқайсымызға тәуелсіздіктің қадірін сезіндіріп, туған елге деген сүйіспеншілікті арттыра түседі. Көк Туымыз көкте мәңгі желбіреп, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз асқақ шырқала берсін!

Г.ҚУАТБЕКОВА,

“І.Есенберлин атындағы N54 ЖББМ”КММ-нің директоры. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *