МЕРЕКЕ АЯСЫНДА 60 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі аясында Жетісай ауданында 60 отбасы баспаналы болды. Мерекелік шараға аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов арнайы қатысып, үй иелерін қуаныштарымен құттықтады.

«Өз үйің – өлең төсегің» деген ұлағатты сөз бар хал­қымызда. Тағатсыздана күтіп, өз баспаналарыңыздың кілтін алып, құтты қадам жасағалы отырсыздар! Мем­лекет тарапынан қолға алынған «Нұрлы жер» бағдар­ла­масының аясында салынған тұрғын үй кешені әрқашан игіліктеріңізге жарап, берекелі шаңыраққа айнала берсін. Сіздерді баспаналы болуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын!»,-деді аудан әкімі.

Бес қабаттан тұратын үйлердегі пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған Ұлы Отан Соғысының ардагері мен көпбалалы отбасыларға, І-ІІ топ мүгедектігі бар азаматтарға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де бюджеттік мекемеде жұмыс істейтін азаматтарға берілді.

Айта кетейік, аудан басшысының тапсырмасына сәйкес алдағы уақытта сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 90 үйді тапсыру көзделіп отыр.

Б.НАЙМАНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған