ОҚУШЫЛАРҒА ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Жуырда «Б. Майлин атындағы №21 ЖББМ» КММ-нің п/п-к А. Шуканов атындағы Жас шекарашылар әскери-патриоттық клуб мүшелерімен «Жаңа ауыл» шекара бөлімшесі бастығының тәрбие және идеология жұмыстары жөніндегі орынбасары лейтенант Жақсылықов Сансызбай мырзамен және АӘжТД пәні мұғалімі Сейітов Қанат ағай кездесу ұйымдастырды.

Кездесуде оқушыларға шекара академиясына оқуға түсуге үгіт-насихат айтты. Бүгінгі күні өзекті мәселеге айналған Отан қорғау үшін әскерге барғысы келмейтін жастарға патриоттық отансүйгіштік сезімдерін оятуға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, оқушылар алдағы жоспарлары мен мақсаттары туралы да ортаға салып, бөлісті.

Қ. СЕЙІТОВ,

«Б. Майлин атындағы №21 ЖББМ» КММ   АӘжТД пәнінің мұғалімі .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *