Қуанышты жаңалығымызбен бөлісеміз!
Физика пәнінің мұғалімі Байжан Данагүл педагогикалық шеберлігі мен жаңашыл идеяларын таныстырып, облыстық деңгейде өткен «Педагогикалық идеялар фестивалі» сайысында жүлделі II орын иеленді. 🏆

Ұсынған идеясының тақырыбы: «Физика сабағында комикстерді қолдану»
Бұл бағыттың негізгі мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ғылыми ұғымдарды жеңіл және түсінікті тілде жеткізу, күрделі құбылыстарды визуалды түрде қабылдауға мүмкіндік беру.
Идеяның құндылығы: – Комикстер арқылы абстрактілі физикалық заңдылықтарды өмірмен ұштастыру
– Оқушылардың қиялын, сыни ойлауын және зерттеушілік қабілеттерін дамыту
– Сабақта позитивті эмоционалды атмосфера қалыптастыру
– ХХІ ғасыр дағдыларына сай шығармашылықпен білім алуға жол ашу
Комикстерді сабаққа кіріктіру – тек қызықтыру емес, білімді терең әрі тұрақты меңгертудің тиімді әдісі. Бұл тәсіл оқушыны пассив тыңдаушыдан белсенді зерттеушіге айналдырады.
Данагүл ұстаздың шығармашылығы мен еңбегіне шабыт тілейміз!
Жетістіктеріңіз көп болсын! Білім беру саласындағы тың бастамаларыңыз бен жаңашыл көзқарасыңыз жас ұрпаққа үлгі болғай.
Байжан Данагул Нұркенқызы
Горький мектебінен физика пәнінің мұғалімі.
