Шекараның бұзылуына жол берілмейді

Мақтаарал ауданы бойынша шекара басқармасының аумағында жергілікті өзара қарым қатынас органдарымен бірлесе шекаралық операциясы өткізілуде. Өткізіліп жатқан операцияның мақсаты – мемлекеттік шекараның бұзылуына жол бермеу және жергілікті тұрғындар арасында шекараны берік күзету бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

Бүгінгі күнге шекара режимін бұзған 30-ға жуық азамат, заңсыз түрде Мемлекеттік шекарадан тыйым салынған тауарларды өткізу барысында 10-ға жуық адам жергілікті халықпен бірлесе жұмыс істеу барысында қолға түсіп, әкімшілік жауапқа тартылды. “Шекараны бүкіл ел қорғайды” қағидасына сай жергілікті тұрғындар арасынан Мемлекеттік шекараны, өзіміздің Отанымызды қорғауға ерікті жасақ мүшелері іріктелуде. Ерікті жасақ мүшесіне әрбір Қазақстан Республикасының азаматы кіре алады, оларға қойылатын тек бір талап, яғни Қазақстан Республикасының патриоты болуы қажет.

Марат ЕЛЕУБАЕВ,

Мақтаарал ауданы бойынша шекара басқармасының офицері, майор.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған