«Шын жүректен кітап сыйла!» рухани байлыққа бастар жол

“№74 жалпы білім беретін мектеп” КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай 2026 жылдың 9–13 ақпан аралығында «Шын жүректен кітап сыйла!» челленджінің ашылу салтанаты өтті.

Аталған шараның басты мақсаты – «Балалар кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыру, оқушылардың кітапқа деген құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ жас ұрпақ арасында кітап сыйлау дәстүрі мен оқу мәдениетін кеңінен насихаттау болып табылады.

Челлендждің ашылуында кітаптың адам өміріндегі маңызы, рухани дамудағы орны туралы тағылымды ойлар айтылып, оқушылар кітап оқудың артықшылықтары жөнінде пікір алмасты. Іс-шара барысында білімге құштарлық, ізденімпаздық және рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері кеңінен қозғалды.

Ұйымдастырушылар мектеп ұжымын, ата-аналар мен оқушыларды аталған челленджге белсенді қатысуға шақырды. Себебі сыйға тартылған әрбір кітап – бір баланың қиялын қанаттандырып, болашаққа сеніммен қадам басуына жол ашады.

Кітап – рухани байлықтың кілті. Ал оны сыйлау – ізгіліктің, жанашырлықтың және білімге деген құрметтің көрінісі. «Шын жүректен кітап сыйла!» челленджі арқылы мектеп ұжымы оқуға деген сүйіспеншілікті арттырып, білімді қоғам қалыптастыруға үлес қосуды мақсат етеді.

Шараны ұйымдастырған аға вожатый З.Бөкенова мен кітапханашы Ж.Аширханова игі бастаманың жүйелі жүзеге асуына мұрындық болып отыр.

Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі. Ендеше, кітап сыйлау арқылы ізгілік эстафетасын бірге жалғастырайық!

Жарқынай АШИРХАНОВА, кітапханашы.

Зере БӨКЕНОВА,

Аға вожатый.

«№74 жалпы білім беретін мектеп» КММ. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *