30-31.10.2025 ж күндер аралығында Астана қаласы Назарбаев Университетінде Цифрлық дәуірдегі мектеп білімі: басты трендтер мен талаптар атты NIS Халықаралық конференциясы болып өтті.

Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты әртүрлі деңгейдегі сегіз мектеп директоры тәжірибе алмасу мақсатында осы конференцияға барып қатысты.
Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған сарапшылардың кәсіби пікір алмасуы мен өзара тәжірибе алмасуы болды.

Конференцияда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің білім мазмұнына, бағалау жүйесіне, оқыту мен сабақ беру әдістеріне қауіпсіздік және әл-ауқат мәселелеріне қалай әсер ететіні талқыланды.

Осы конференцияға ҚР Оқу-ағарту министрі де келіп қатысты.
Акхал Агайдарова,
Қ. Дәрімбаев орта мектебінің директоры.
