Тәжірибе алмасу- шеберлікті шыңдау баспалдағы!

30-31.10.2025 ж күндер аралығында Астана қаласы Назарбаев Университетінде Цифрлық дәуірдегі мектеп білімі: басты трендтер мен талаптар атты NIS Халықаралық конференциясы  болып өтті.

Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты сегіз мектеп директоры тәжірибе алмасу мақсатында осы конференцияға барып қатысты. 

Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған сарапшылардың кәсіби пікір алмасуы мен өзара тәжірибе алмасуы болды.

 Конференцияда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің білім мазмұнына, бағалау жүйесіне, оқыту мен сабақ беру әдістеріне қауіпсіздік және әл-ауқат мәселелеріне қалай әсер ететіні талқыланды.

Осы конференцияға ҚР Оқу-ағарту министрі де келіп қатысты.

Акхал  Агайдарова,

Қ. Дәрімбаев орта мектебінің директоры.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *