Тіл мерейі ел мерейі

Тілдер мерекесіне орай мектебімізде «Тіл мен кәсіби үйлескен ұрпақ — ел тірегі» тақырыбында 08.09-18.09 2025 аралығында  он күндік  іс-шаралар жоспары түзіліп өз деңгейінде аталып өтті. Мектеп білім ошағы ғана емес, мектеп тәлім тәрбиенің қайнар көзі ғой. Қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдері мұғалімдері бірлесе он күндіктің ашылу салтанатына күні бұрын дайындалып, сәні мен әні келсікен ашылу салтанатын жоғары деңгейде өткізді. Әсем әнмен күмбірлеген күйдің   даусы мектеп ішін шаттыққа бөледі. «Қазақ тілі — бай, таза, іргелі жұрт тілі…» айдары бойынша Алаш қайраткерлерінің қазақ тілі туралы айтқан мәні зор шығармаларынан үзінді оқу арқылы челендж жасады.

«Жарқ ете қалшы найзағай болып» ақындар мүшайрасы педагогтар арасында жалғасын тауып, өлеңдер мәнерлеп оқып өз ісінің нағыз майталман мамандары екенін көрсете білді. Цифырлы дәуірде тіл мамандары үш тіл бірлестік мүшелері Дөңгелек үстел де бас қосып пікір алмасып, тіл туралы толғсмдарын ортаға салып, мәні зор шығармалардан үзінді оқи да кетіп мысалдар келтіре кетті.

«Сөз құдіреті» айдары бойынша 5—6сынып оқушылары арасында мақал —мәтелдер сайысы мазмұнды өтті. Қазақ тілі пәні мұғалімдері К. Қалдыбаева, А. Нұрманова және Л Жұмабековалар ұйымдастырып қызықты әсерлі кеш жүргізіп, соңында оқушыларды мадақтама қағаздармен марапаттады.

«Тілім барда тірімін мен мәңгілік» бөлімі бойынша мұғалімдер арасында сырттай эссе байқауы да өз деңгейінде жұмыстар атқарды

«Тіл—татулық тірегі» бөлімінде 8—10сынып оқушылары бейне құттықтаулар орындап тіл мерейін асқақтата түсті.

«Тіл мен кәсіби үйлескен ұрпақ —ел тірегі» тақырыбында мектеп кітапхана қызметкерлері Ж. Қасымова мен А Қасымова апайларымыз көрнекті көз тартар көрме ұйымдастырды.

2—4сынып оқушылары сурет көрмесіне қызыға қатысып қылқаламмен өрнекті бейнелерді ақ қағазға безендіріп өз өнерлерімен көзге түсті. Балдырғандардың салған суреттері  шырайлы шығып, мектеп дәлізіне көрік беріп ілінді.

Жоғаоы сынып оқушылары полиглот сайысына белсене қатысқанын айта кеткен жөн. Үш тілдің бірлестік жетекшілері Г Мақұлбекова, Ғ. Бозаева, Г Кактабаева ұстаздарымыз үлкен ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете білді.

7—сынып оқушылары Тіл туралы жаттаған өлең тақпақтарын мәнерлеп айтып үш тілде еркін жеткізе біліп сайысқа түсті, өте жақсы қатысқан шәкірттеріміз мадақтама қағаздармен марапатталды. Онкүндік өз мәресіне жетіп салтанатты түрде жабылу рәсімінде белсене қатысқан ұстаздармен шәкірттер алғыс алып марапат иелері атанды. Мазмұн мен мағынаға толы он күндік осылай аяқталды. Тіл мәртебесі әрқашан өз биігінде мәңгі тұрары анық. Ана тіліміздің абыройы асқақтай берсін. Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша тіл бар екені рас. Ана тіліміз қазақ тіліміздің тұғыры мәңгілік болсын лайым.

Лаззат Мұратқызы,

Ш. Уәлиханов атындағы 2 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *