“Тұлға тәрбиесі – адалдық пен кәсібилік бастауы”.

Мектебімізде педагог-психологтар және әлеуметтік педагогтар онкүндігі өз бастауын алды. 01–12 желтоқсан 2025 жыл аралығында мектебімізде педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтар онкүндігі өз жұмысын бастады. Онкүндіктің негізгі тақырыбы: “Тұлға тәрбиесі – адалдық пен кәсібилік бастауы”. Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың тұлғалық дамуын қолдау, мектептегі психологиялық жайлы орта қалыптастыру және педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру.

Ашылу салтанаты ерекше көңілді жағдайда өтті. Педагог-психологтар Нурбоева Меруерт және Дуйсен Балнұр, әлеуметтік педагог Токабулатова Мөлдір оқушыларға арналған түрлі ойындар мен сергіту жаттығуларын ұйымдастырды. Сонымен қатар, командалық тапсырмалар жүргізіліп, балалардың бір-бірімен ынтымақтастығы артты. Балалар белсенділік танытып, ойындар арқылы жаңа эмоциялар мен тәжірибе алды, бұл олардың өзара қарым-қатынасы мен коммуникативтік дағдыларын дамытуға септігін тигізді.

Шара барысында педагогтар оқушылардың эмоциялық күйін бақылап, олардың қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін байқауға мүмкіндік алды. Мұндай тәжірибе педагогтар үшін де құнды, себебі ол олардың кәсіби шеберлігін арттыруға және әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуге жағдай жасайды.

Онкүндік барысында алдағы күндері де әртүрлі іс-шаралар жоспарланған. Олар оқушылардың тұлғалық дамуына, мектептегі психологиялық жайлы орта қалыптастыруға және мектеп қауымдастығының бірігуіне бағытталған. Әрбір іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын және әлеуметтік дағдыларын дамытуға арналған.

Бұл онкүндік оқушылар мен педагогтар үшін бірегей мүмкіндік болып табылады. Ол балаларға өздерін көрсетуге, өзара түсіністік пен қолдау көрсетуге жол ашады. Педагогтар үшін бұл – оқушылардың мінез-құлқы мен қызығушылықтарын зерттеп, болашақтағы жұмыстарды тиімді жоспарлауға көмектесетін тәжірибе.

Мектептегі педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтардың кәсіби қызметі – оқушылардың жан-жақты дамуына, сенімділік пен шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады. Онкүндік бағдарламасы осы мақсаттарға жетуге бағытталған нақты қадам болып саналады.

Онкүндік соңына дейін қызықты және пайдалы шаралар жалғасып, мектептегі жылулық пен ынтымақтастық атмосферасын одан әрі нығайта береді.

Балнұр ДҮЙСЕН, N74 жалпы білім беретін мектебінде

педагог – психолог,

Меруерт НУРБОЕВА,

 Мөлдір ТОКАБУЛАТОВА,

әлеуметтік педагогтер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *