«Үлгілі ауыл — 2026» байқауы

Жетісай ауданы әкімдігі Экологиялық мәдениетті дамытудың   2024-2026 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Үлгілі ауыл — 2026» аудандық байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаттары:

  • халықты қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру;
  • ауыл экономикасының өркендеуі, елді мекендерде адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы ортаны қалыптастыру;
  • тұрғындардың бірлігі мен ынтымағы, жастардың білімі мен тәртібі, ауыл тазалығы мен мәдениеті, бұқаралық спорттың дамуы, тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдалануы мен ақсақалдардың белсенділігін арттыру;
  • кәсіпкерлердің туған жерге жанашырлықпен қарауға, патриотизм мен әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісін көрсетуге, ел экономикасын дамытуға үлес қосуға шақыру;
  • өскелең ұрпаққа өнеге тәрбие жолын көрсету, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерге бой алдырмауға үйрету;
  • қоғамда қылмыстың, зорлық-зомбылықтың, нашақорлықтың алдын алу;
  • «Жомарт түлек» тұжырымдамасы аясында тұрғындардың, ауыл тумаларының туған жерін, білім алған оқу орнын абаттандыру, эстетикалық көрінісін реттеу, тазалығын сақтау мақсатында шаралар қабылдауға шақыру.

Байқау үміткерлері келесі критерийлер бойынша бағаланады:

1. «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізілген іс-шаралардың барлық іс-шаралардан үлесі (0-5 балл);

2. «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізілген іс-шараларға халықты қамту көрсеткіші (0-5 балл);

3. Ауылды көгалдандыру көрсеткіші (0-5 балл);

4. Ауылды абаттандыру көрсеткіші (0-5 балл);

5. Ауылдағы тазалықтың сақталуы (0-5 балл);

6. Ауылдың экологиялық жағдайы (0-5 балл);

7. Ауылдың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін қажетті инфрақұрылыммен (ауыз су, табиғи отын, электр энергиясы) қамтылуы (0-5 балл);

8. Автомобиль жолдарының жай-күйі (0-5 балл);

9. Интернетке қолжетімділік (0-5 балл);

10. Ауылдық туризмді дамыту (0-5 балл);

11. Ауылды дамытуға инвестиция тарту (0-5 балл);

12. Ауылда тіркелген қылмыстық істердің болмауы (0-5 балл);

2.13. Меценаттар есебінен салынып, жөнделген нысандардың саны (0-5 балл);

14. Ауылда демографиялық көрсеткіштің артуы (0-5 балл);

15. Ауылдағы отбасылардың ажырасу көрсеткішінің төмендігі (0-5 балл);

16. Тұрғындардың жұмыссыздық деңгейінің төмендігі (0-5 балл);

17. «Жомарт түлек» тұжырымдамасы аясында туған ауылына немесе/және білім алған оқу орнына демеушілік жасау көрсеткіші (0-5 балл).

  • Байқауға аудан орталығы болып табылатын ауыл қатыстырылмайды.
  • Ауылдық округтен кемінде бір ауыл қатысуға міндетті.
  • Байқау қатысушыларын аудандық комиссия бағалайды.
  • Байқаудың аудандық кезеңінің 3 жүлделі орын(I-орын, II-орын, III-орын) белгіленеді.
  • Облыстық деңгейге, яғни ІІ  кезеңге әр ауданнан бірінші орын алған ауыл жолдама алады.
  • Байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысымен 4 жүлделі орын (Бас жүлде, I-орын, II-орын, III-орын) белгіленіп, облыстық бюджеттен есебінен бір әлеуметтік нысан салуға қажетті қаражат қаралады.
  • Облыстық  марапаттау рәсімі жыл соңында өткізіледі.

Байқауға қатысуға ұсынымдар дәлелді құжаттар және ауыл туралы бейнероликті қоса қолма қол Жетісай ауданы әкімдігінің  ішкі саясат бөліміне 2026 жылғы 1 тамызға дейін ұсыну қажет.

Қосымша сұрақтар бойынша Кеттебек Дәурен байланыс телефоны +7702-945-69-69.

Мекенжайы. Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі №20 .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *