Skip to content
Басты бет / Жаңалықтар / ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ — МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ

ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ — МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ

58 қаралым

Білім беру саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздардың жетістігі — тұтас мектептің, тұтас ұжымның ортақ қуанышы. Ауданымызда өткен «Педагогикалық идеялар» байқауы мен түрлі деңгейдегі сайыстарда мектебіміздің бірнеше мұғалімі жоғары нәтиже көрсетіп, мектеп мерейін тағы бір мәрте асқақтатты.

География пәнінің мұғалімі Керімбекова Меруерт аудандық педагогикалық идеялар жарысынан жүлделі ІІІ орынды иеленді. Оның оқушыларға географияны қызықты, заманауи әдістер арқылы түсіндірудегі тың идеялары қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Достемесова Жадыра да осы байқауда өз шеберлігін дәлелдеп, ІІІ орынды жеңіп алды. Балалардың мектепке деген сүйіспеншілігін оятып, олардың білімге алғашқы қадамын сенімді етудегі еңбегі зор.

Математика пәнінің мұғалімі Әбдіхалықова Салиха өзінің табандылығы мен кәсіби ізденісінің арқасында Алғыс хатқа ие болды. Ал көркем еңбек пәнінің мұғалімі Муслимов Дәурен оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Бұл жетістіктер — ұстаздарымыздың күнделікті қажырлы еңбегінің, ізденісінің және шәкірттеріне деген шексіз сүйіспеншілігінің жемісі.

Мектеп ұжымы атынан әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, шәкірттерімізді білімнің биік шыңына жетелей берулеріне тілектеспіз.

Акхал АГАЙДАРОВА,

Қ.Дәрімбаев атындағы мектептің директоры.