(Бір сыныпқа 11 жыл жетекшілік еткен ерекше кезеңім)
Ұстаз білім беруімен қатар жүрекке жол таба білетін, әр баланың жан әлемі мен жүрек қалауын сезіне алатын дана жан. Осындай ұстаздың өзі ақынжанды, жүрегінен жыр төгіліп тұрса , шәкірттері де адам жанын түсінер сезімтал болары ақиқат. Бүкіл мектеп қабырғасында өтетін 11 жылында жеке өзім жетекшілік еткен сыныбым болды.
Мен үшін ұстаздық жай ғана қызмет емес,өмірлік қағида, сынып жетекші болу -сол балаларға ата-ана берер тәрбиені берер жоғары жауапкершілік болып саналады. Ең алғаш мектеп табалдырығын аттағанда қабылдаған балапандарым– 11 жыл бойы ақындық шабытымды оята білген , өмірінің ең ерекше керемет күндеріме, өзімнің перзенттеріме айнала білді. Ұстаз шабытынан туылған шумақтар — әрбір шәкіртімнің санасында сақталып, мәңгілік естелік болып қалды.
Әрбір мереке, сыныпаралық іс-шара барысы жыр шумақтарымен бастау алып тұрды.Шәкірттерінің қуанышы мен кейбір сәтсіздіктері, тіпті шәкіртіне деген өкпе-ренішімді де осы жыр жолдары арқылы жеткіздім.Ол жүректен шыққан өлең жолы ғана емес , терең тәрбиелік мәні бар, ұлттық құндылыққа толы сабақ болып қалды.

Өмірімнің25 жас пен 36 жас аралығы , нағыз жалындаған жастық шақ дәуірі осы сыныпқа жетекшілік жасауыммен өтті. 11 жылда адам баласы үлкен белестерді бағындырып өз тұлғасын қалыптастыратын кезең болса, ұстаз үшін сол ұлы кезең былдырлап мектепке келген балғынды өмірді тани білетін азамат етіп шығаруына арналды. Әрбір шәкіртімді бағамен ғана емес жүректен шыққан жыр шумақтарыммен тәрбиелеп шықтым.
Қазіргі таңда сол шәкірттерім әр салада еңбек етіп, биік белестерден көрінуде. Барлығының жүректерінде ақын ұстазының үні естіліп тұрады деп ойлаймын. Себебі оларды жырыммер өсірдім, жүрегімен тәрбиелеп шығардым.
Дәлел ретінде шәкірттеріме соңғы қоңырауда арнаған шыр шумақтарымды ұсынамын.
Бала едіңдер мені алғаш көргенде ,
Шәкірт болып сыныбыма келгенде.
Он бір жылды артқа тастап дәл қазір
Азамат боп өсіп қалды бұл күнде.
Шәкірттерім нағыз балам секілді,
Жақсы көрем барша жиырма екіңді.
Бірге өткерген жастық шағым сендермен
Өтті екен деп ойламаймын бекерге.
Мұрат балам –ерке, бұзық қылығың,
Жоламаным – тік мінезді қыңырым.
Ал, Нұрбегім ұйқысынан кеш тұрар
Осылармен қызық еді сыныбым.
Бақыт – сирек келгенімен сабаққа,
Батыр орнын білдіртпейді бірақ та.
Бақбергенім – үндемейтін кербезім
Еркебұлан – жиі келмес қонаққа.
Нұрқанатым – әніменен тербеткен
Ержан – нағыз әкім болып ер жетер.
Бауыржаным – жалғыз бауыр, туысым,
Ал , Данияр дара жігіт боп кеткен.
Қыздарымның айтсам, көп қой өнері
Талай ақыл айтып едім келелі.
Сыныптастар жігііттерін ағадай
Он жылда сыйлап олар келеді.
Әйгерімім – бетке тұтар бұл қызым
Несібелі – арқа сүйер жұлдызым.
Гауһар жасап жұмысымның жартысын
Ал, Назерке – нағыз сұлу хор қызы.
Қос Гүлжаным – сый-құрметті түсінген,
Ал, Наргиза кір жуытпас үстіне.
Гүлмаржаным – қолғанатым, сүйеніш
Ал, Қазынам – ымды айтпай түсінген.
Айжан қызым- ашық мінез ақылдым,
Эльмира қыз ашсын дәйім бағыңды.
Сұлуларым , аруларым өзімнің
Тек бақыттан жасаттырсын тағыңды.
Сенің сәби , бала шағың бірге өтті,
Міне , қара қоштасар да күн жетті.
Сыныбымда сол партада отырған
Өткен күнге тарих болып ол кетті.
Райхан Пазылова,
Кенесары хан атындағы №62 ЖББМ Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.