Оспанұлы Шахмардан — білімге құштар, ізденімпаз әрі жауапкершілігі жоғары оқушылардың бірі. Ол оқу мен қоғамдық жұмыстарда белсенділігі мен ерекшеленіп, мектеп абыройын асқақтатып келеді. Шахмарданның табандылығы мен еңбек сүйгіштігінің нәтижесінде «Алтын сақа» олимпиадасында І орыниеленуі — үлкен жетістік. Бұл жеңіс оның терең білімі мен үздік дайындығын дәлелдейді.

Сонымен қатар аудандық байқауда ІІ орыналып, өз қабілетін тағы бір мәрте көрсетті. Осындай жетістіктерге жету жолында оның ата-анасының қолдауы мен ұстаздарының еңбегі зор екені сөзсіз.
Шахмардан сыныпта достарымен сыйластық қарым-қатынас орнатып, тәртібімен, мәдениеттілігі мен үлгі болып жүр. Ол алға қойған мақсатына сенімді қадам жас апкеле жатқан дарынды оқушы. Болашақта бұдан да биік белестерді бағындырады деп сенеміз.
Сынып жетекшісі ретінде Шахмарданның жетістіктеріне мақтанамын және оған алдағы уақытта толағай табыстар тілеймін.
Айнур РУСТЕМОВА,
№77 ЖББМ КММ Бастауыш сынып мұғалімі.
