Skip to content
Басты бет / Жаңалықтар / «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»: мемлекеттік қызметшілер арасында пікірсайыс өтті

«Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»: мемлекеттік қызметшілер арасында пікірсайыс өтті

57 қаралым

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп бекітілген 2025–2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасы аясында мемлекеттік қызметшілер арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.

Пікірсайыстың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің сыни ойлау қабілетін, дәлелді пікір білдіру және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын, командалық жұмысын, сондай-ақ моральдық-әдептілік құндылықтарын дамыту.

Турнир барысында қатысушыларға өз ойларын ортаға салып, пікір алмасуға мүмкіндік берген өзекті тақырып ұсынылды:

«Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді толығымен жасанды интеллектке сеніп тапсыруға бола ма?»

«Мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейінгі жұмысқа орналасу тәуекелдерін басқаруда қайсысына басымдық берілгені дұрыс: жекеленген лауазымдар үшін міндетті шектеу мерзімін белгілеуге ме, әлде әрбір жағдайды мүдделер қақтығысы тұрғысынан жеке бағалауға ма?»

Қатысушылар аталған мәселе бойынша өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен қорғап, қарсы тараптың уәждеріне жауап беріп, өзара сұрақтар кезеңінде пікір алмасты.

Пікірсайыс барысында мемлекеттік қызметшілердің қарарды түсінуі мен ұстанымының айқындығы, уәждері мен дәлелдерінің негізділігі, логикалық ой қорытуы, командалық жұмысы, сөйлеу мәдениеті және регламентті сақтауы назарға алынды.

Іс-шара мемлекеттік қызметшілер арасында ашық пікір алмасып, кәсіби көзқарасты қалыптастыруға және адалдық, жауапкершілік, әдептілік пен кәсібилік құндылықтарының маңызын талқылауға мүмкіндік берді.