Skip to content
Басты бет / Жаңалықтар / Жаңа басшы – жаңа бастамалардың жаршысы

Жаңа басшы – жаңа бастамалардың жаршысы

13 қаралым

Мектеп – білім мен тәрбиенің, ізгілік пен адамгершіліктің ордасы. Ал сол білім ордасының берекелі жұмысы мен жарқын болашағы мектеп басшысының ұйымдастырушылық қабілетіне, біліміне, жауапкершілігіне және ұжыммен бірлесе жұмыс істей білуіне тікелей байланысты.

Жаңа басшының қызметке кірісуі – білім ошағы үшін жаңа серпілістің, тың бастамалардың басталғанын білдіреді. Басшымыз Ш.Иманбердиев алғашқы күндерден-ақ мектеп тынысымен танысып, ұстаздар қауымымен, оқушылармен және ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, ортақ мақсатқа жұмылдыра білді.

Басшының басты ұстанымы – білім сапасын арттырумен қатар, әр оқушыға қолайлы орта қалыптастыру, ұстаз еңбегін бағалау және мектептегі ынтымақтастықты нығайту. Ұжым мүшелерінің пікіріне құлақ асып, әр мәселеге байыппен қарап, нақты шешім қабылдауы – басшының іскерлігі мен парасаттылығын көрсетеді.

Жаңа басшының ұйымдастырушылық қабілеті мектеп өміріндегі әрбір іс-шарадан байқалды. Соның бір дәлелі жуырда өткен ұстаздар күніне орай мектепте ардагер, зейнеткер ұстаздармен бірге өткізілген  тағылымды кездесу кеші.

Мектептің қалыптасуы мен дамуына, саналы ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан ардагер ұстаздарымызға мектеп басшысы Ш.Иманбердиев құрмет көрсетіп, еселі еңбектері үшін шынайы алғысын білдіріп, гүл шоқтарымен тәрбиелік мәні бар кітаптарды сыйға тартты.

 Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың «Зерделі ұлт – оқымысты ұлт» жобасын аясында «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» бастамасын негізге ала отырып, «Кітап оқитын ұлт» жобасын қолға алып кітап оқуға баулу, оқу мәдениетін қалыптастыру және кітапхана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту жұмыстарын қолға алғандығы жан дүниемізді жаңартып, жаңа өмірге қадам басқандай болдық.

Жаңа басшының келуімен мектепте жаңа идеялар мен тың бастамаларға жол ашылып, алға қойған мақсаттар айқындала түсуде. Бұл – мектептің болашағына деген сенімнің берік екенін көрсетті.

Ия қызметке келген алғашқы күннен бастап мектеп өміріне белсене араласып, ұстаздар мен оқушыларға қолдау көрсетіп, білім ордасының жұмысына жаңа серпін берген басшыға, мектептің өркендеуі жолындағы тынымсыз еңбегіңізге ризашылығымызды білдіріп. Алдағы жұмысыңызға толағай табыс, мықты денсаулық, шығармашылық шабыт және абырой тілейміз!

А.САҒЫНДЫҚ,

 Жетісай ауданы «М.Мәметова атындағы №33 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық   мемлекетік мекемесінің

директордың тәрбие — жұмысы жөніндегі орынбасары.