Мемлекет тарихында халықтың тағдырын айқындайтын шешімді сәттер болады. 2026 жылғы 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдум – сондай тарихи белестің бірі. Жаңа Конституция жобасы жай ғана заңдар жиынтығы емес, бұл – еліміздің алдағы онжылдықтарға арналған жаңа қоғамдық келісімі мен әділетті мемлекет құру жолындағы стратегиялық құжаты. Жаңа Ата Заңда білім, ғылым және инновация салалары мемлекеттің басымдығы ретінде айқындалған. Бұл – әрбір қазақстандықтың өз әлеуетін іске асыруына тең мүмкіндік беретін әділетті қоғамның кепілі. Заң мен тәртіптің сақталуы, табиғи ресурстардың тиімді пайдаланылуы және экологиялық қауіпсіздік мәселелері де басты назарда.

Жаңа Конституция – бұл өзгерістің бастауы. Оның әрбір бабы ертеңгі жарқын болашаққа, қуатты экономикаға және мықты азаматтық қоғамға қызмет етеді. 15 наурызда жасалатын таңдау – әрбір азаматтың өз елінің тағдырына қосатын үлесі.
Қорытындылай келе, жаңа Конституция – әділеттіліктің, теңдіктің және дамудың кепілі. Оның қабылдануы мемлекеттік аппараттың ашықтығын қамтамасыз етіп, әрбір азаматтың ел ісіне араласуына мүмкіндік береді. Бұл реформалар еліміздің саяси және әлеуметтік келбетін түбегейлі өзгертіп, демократиялық жолды нығайта түспек.
Айганым ТОРЫБАЕВА,
Жетісай ауданының білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы №31 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
