Skip to content
Басты бет / Жаңалықтар / ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ: ЗЕРТТЕУ, ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ: ЗЕРТТЕУ, ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

14 қаралым

Химия-биология пәндерінің онкүндігі аясында ашық сабақ өткізілді.

Қ. Дәрімбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде химия-биология пәндерінің онкүндігі жоспарына сәйкес жаратылыстану-математикалық білім берудің жаңа парадигмасын жүзеге асыру, оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Осы мақсатта биология пәнінің мұғалімі Умирханова Анар Уразбаевна 9 «Ә» сыныбында «Зәр шығару жүйесінің гигиенасы. Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары: пиелонефрит, цистит, бүйрекке тастың жиналуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында оқушылар зәр шығару жүйесінің құрылысы мен қызметін қайталай отырып, бүйрек және зәр шығару жолдары ауруларының пайда болу себептері, алдын алу жолдары мен жеке бас гигиенасының маңыздылығы туралы білімдерін кеңейтті.

Оқу үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни ойлауын қалыптастыруға және алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдана білуіне ерекше назар аударылды. Түрлі тапсырмалар мен белсенді оқыту әдістері арқылы оқушылар өз ойларын ортаға салып, талдау, салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын көрсетті.

Аталған сабақ білім алушылардың биологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, денсаулықты сақтау, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін түсінуге бағытталды.

Білім – ізденістен, ізденіс – зерттеуден басталады!

Жаратылыстану пәндерін оқытуда заманауи педагогикалық тәсілдер мен цифрлық мүмкіндіктерді ұштастыру – білім сапасын арттырудың маңызды қадамы.

Анар Умирханова,

Қ.Дәрімбаев атындағы орта мектеп.