Мақсаты:
Педагогтерге жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын тиімді қолдану жолдарын үйрету;
Білім беру процесінде заманауи әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы оқыту сапасын арттыру;
Цифрлық сауаттылық пен шығармашылық ойлауды дамыту.
Міндеттері:
1. Жасанды интеллект ұғымы мен мүмкіндіктерін түсіндіру;
2. Білім беру саласында қолдануға болатын ЖИ құралдарын таныстыру;
3. Практикалық тапсырмалар арқылы қатысушыларды ЖИ-ды тәжірибеде қолдануға үйрету;
4. Мұғалімнің кәсіби дамуына ЖИ-дың әсерін көрсету.
Қатысушылар: мұғалімдер, әдіскерлер,оқушылар.
Формат: тренинг, тәжірибелік сабақ, интерактив.
Сабақ барысы:
1. Кіріспе бөлім (10 мин)
Психологтың сөзі: «Бүгін біз жасанды интеллектті өз сабақтарымызға қалай тиімді енгізе аламыз?»
Қатысушылармен танысу (интерактивті ойын: “ChatGPT ма, мен бе?”)
«ЖИ дегеніміз не?» – қысқаша бейнеролик көрсету (мысалы: AI in Education 2025).
2. Теориялық бөлім
Тақырып: Жасанды интеллект және білім берудегі мүмкіндіктер
Талқыланатын сұрақтар:
ЖИ түрлері мен мысалдары (ChatGPT, Canva Magic Write, Gemini, Copilot, т.б.);
Мұғалімнің күнделікті жұмысында ЖИ көмектесетін бағыттар:
сабақ жоспарын құру;
тест пен тапсырма дайындау;
шығармашылық жұмысқа шабыт беру;
оқушылардың жеке траекториясын қадағалау.
3. Практикалық бөлім
Жаттығулар:
1. «ChatGPT көмегімен сабақ жоспарын жасау»
– Қатысушылар өз пәні бойынша қысқаша тақырып таңдап, ЖИ арқылы сабақ жоспарын жасайды.
2. «ЖИ арқылы тест құру»
– Мысалы: “Қазақстан тарихы 7-сынып. Қазақ хандығы” тақырыбы бойынша 5 сұрақтық тест.
3. «Оқушыға жеке кері байланыс»
– Қатысушылар ЖИ арқылы оқушы жұмысына жеке түсініктеме немесе мотивациялық пікір жазады.
(Топтық форматта: әр топ өз нәтижесін бөліседі.)
4. Заманауи әдіс-тәсілдер (15 мин)
“Flipped Learning” (аударылған сынып) – ЖИ көмегімен бейнематериал дайындау;
“Project-based learning” – ЖИ қолдану арқылы зерттеу жобалары;
“Gamification” – ойын элементтерін ЖИ құралдарымен енгізу;
“Adaptive learning” – ЖИ арқылы жеке оқыту траекториясын құру.
“Суретке жан бітіру” Кеңейтілген шындық-Quiver
Quiver- қосымшасының оқушыларға арналған мақсаты мен пайдасы төмендегідей:
Мақсаты: Оқушыларға оқу материалдарын тиімді түрде жазуға, сақтауға және ұйымдастыруға көмектесу. Сонымен қатар, ғылыми жобалар немесе шығармашылық жұмыстар үшін қажетті ақпараттарды бір жерге жинауға жағдай жасау .
Educaplay — бұл мұғалімдер мен оқушыларға арналған интерактивті оқу материалдарын жасауға мүмкіндік беретін онлайн-платформа. Educaplay — Ray атты жасанды интеллект (ЖИ) көмекшісін енгізді, ол пайдаланушыларға 15-тен астам ойын түрін небәрі 20 секунд ішінде тапсырма жасауға көмектеседі.
МozaWeb — оқушылар мен мұғалімдерге арналған интерактивті білім беру платформасы. Бұл жерде:
- 3D модельдер, анимациялар, видеосабақтар бар
- Түрлі пәндерге арналған цифрлық оқулықтар ұсынылған
- Markr атты жасанды интеллект құралы арқылы ашық сұрақтарды автоматты бағалауға болады
5. Қорытынды және рефлексия (10 мин)
“Padlet” немесе “Mentimeter” арқылы кері байланыс (мысалы: «Бүгін не үйрендім?» сұрағы).
Тренингтен кейін өз тәжірибесіне енгізетін бір идея жазу.
Молдаханова Салтанат,
№ 51 «Дәуір» жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
педагог-психологы.
