«ЖЕТІСАЙ АРУЫ -2024» БАЙҚАУЫ

Жуырда Жетісай аудандық мәдениет үйінде аудандық «Жетісай аруы-2024» өнерлі қыздар байқауы өтті.

Ару қыздарымызды инабаттылыққа, ізеттілікке, ісмерлікке тәрбиелеу, өнерлі арулар арасынан жаңа есімдерді анықтау және олардың шығармашылығына қолдау көрсетіп, елге таныту мақсатында ұйымдастырылған аудандық «Жетісай аруы – 2024» байқауына алдын-ала іріктеу кезеңінен өткен 11 үміткер қатысты.

Арулар, байқау ережесіне сәйкес 5 шарт бойынша сынға түсті.

«Сәлемдесу сайысы», «Өнеріммен өрлеймін» өз өнері, «Білімді мыңды жығар» сұрақ-жауап сайысы, «Шебердің қолы алтын» қол өнер, «Қыздарға әсемдік жарасады» сән көйлектер үлгісі.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен II орын Ж.Ералиев ауылдық округінен өнерлі де білімді, шебер де ажарлы ару қызымыз Малика Пірімбет иеленді.

М.ИСКАКОВ,

Арай ауылдық мәдениет үйі ұйымдастырушысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған