Жетісай аудандық мәслихат төрағасының ШЕШІМІ

2025 жылғы 15 желтоқсан

Аудандық мәслихаттың

Кезекті сессиясын шақыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңының  10-бабына сәйкес:

Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының кезекті сессиясы 2025 жылғы 30 желтоқсан күні сағат 12.00-ге Жетісай қаласында шақырылсын.

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                М.Касимов

Жетісай аудандық мәслихатының депутаттары

мен аудан халқының назарына

Жетісай аудандық мәслихатының кезекті сессиясы 2025 жылғы 30 желтоқсанкүні сағат 12.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.

Аудандық мәслихаттың депутаттарын, сессияға шақырылғандарды тіркеу 2025 жылғы 30 желтоқсанкүні сағат 11.30-дан бастап жүргізіледі.

Сессияның қарауына төмендегі мәселелер енгізіледі:

1. Жетісай ауданының әкіміне жүктелген міндеттер мен қызметтердің орындалуы жөніндегі есебі;

  1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы;
  2. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының есебі туралы;
  3.  Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының есебі туралы;

4.  Қарақай, Жылысу ауылдық округтері әкімдерінің есептері;

5. Төтенше жағдайлар бөлімі басшысының есебі туралы;

6. Жетісай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының есебі туралы;

7. Басқа да мәселелер.

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                М.Касимов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *