Жетісай ауданының «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» атағы берілді

Жаңа жыл қарсаңындағы мерекелік марапаттаулар аясында ауданның бірқатар азаматтарына Жетісай ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді.

Мерекелік салтанатты шараға Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Әділхан Асауов пен жергілікті депутаттар қатысты.

«Біз Жетісай ауданының «Құрметті азаматы» атағын берерде алдымен өзіміз «Бұл азамат осы атаққа лайық па?» деген сұрақ аясында жіті талдау жасадық, сүзгіден өткіздік. Іріктелгендерін аудандық мәслихатқа ұсындық. Депутаттарымыздың шешімімен анықталған азаматтарға және барша жетісайлық жұртшылыққа мереке құтты болсын дегім келеді!» деген аудан басшысы жұршылықты жаңа жылмен құттықтады.

Аудан әкімінің құттықтауынан соң білім мен ғылым, спорт пен коммуналдық, ауыл шаруашы­лығы мен кәсіпкерлік, құқық қорғау мен сот салаларында жемісті еңбек етіп, елдің дамуына өзіндік үлесін қосқан тұлғаларға «Құрметті азамат» төсбелгілері мен куәліктері табысталды. Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаттары арасынан үздіктері анықталып, сайлаушыларының үмітін ақтап, өзекті мәселелерді шешуде белсенділік танытып жүрген бірқатар депутаттарға «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының алғыс хаттары табыс етілді.

Салтанатты шарадан соң аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасы ұсынылып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

ЖАҢА ЖЕТІСАЙ-АҚПАРАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған