«ЖЕТІСАЙ ФУТБОЛ КЛУБЫ» екінші лигада бақ сынайды

Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай футбол клубы» КММ жыл басында Жетісай ауданы әкімінің қаулысымен құрылып, мекеме директоры болып Нұрлан Қонарбаев тағайындалды.

Аталмыш клубтың негізгі құрамында 26 ойыншыдан құралған команда, дайындық топтарында 2007 жылы туылған 25 жасөспірімнен, 2008 жылы туылған 25 жасөспірімнен және 2009 жылы туылған 25 жасөпірімнен құралған қосалқы командалары бар.

18-сәуір күні ҚР біріншілігінің Екінші лига командалары арасындағы ойындарындағы алғашқы кездесуін «Мақтарал футбол клубы» ойыншыларымен өткізетін «Жетісай футбол клубы» ойыншылары бұған дейін де оңтүстік өңірдің Бірінші және Екінші лига клубтарында өнер көрсеткен профессионалды ойыншылармен жасақталған.

OLIMPBET – Қазақстан чемпионатының Екінші лига клубтары арасындағы ойындарға қатысып, «Түркістан», «Тұран» және «Хан тенгри» клубтарымен ойын өткізген жетісайлық клуб «Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы» қауымдастығы» ЗТБ, «Түркістан облысы футбол федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі, Қазақстанның футбол федерациясы Лицензиялау департаменті лицензиясының иегері.

Ашылғанына көп болмаса да 2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында футболдан «Наурыз кубогы» облыстық турнирін өткізген клубтың негізгі командасының бас бапкері қызылордалық Шойтымов Ерлан Дарханұлы.

Клуб басшылығы ҚКФЛ қауымдастығының 2017 жылғы Бірінші Лига командаларының үздік бапкері, «Қайсар», «Байқоңыр» және «Яссы» футбол клубтарының бас бапкері болған Ерлан Дарханұлының команданы үлкен жетістіктерге жетелейтініне сенімді.

ЖЕТІСАЙ-АҚПАРАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған