«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» жеңімпазы

Жетісай ауданындағы «Сырдария» университетінің Ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Абенова Ләззат Усманқызы «ЖОО үздік оқытушысы – 2021» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.
Ләззат Усманқызы өз білімінің, дүние­танымының, батылдылығының, өзіне деген рухани сенімділігінің және тынымсыз педагогтік, шығармашылық еңбегінің арқасында топты жарып жетістікке жетіп отыр.
Жалпы, байқау жыл сайын оқыту­шы­лардың беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамытуға ынталандыру мақсатында өткізіледі.
«Байқауға еліміздің 76 жоғары оқу орнынан барлығы 718 үміткер қатысты. Байқауда электронды оқу ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық жур­нал­дардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. сияқты көрсеткіштер бағаланды, сондай-ақ үміткердің оқыту сапасы, оның бакалавриатта, магистратурада және докторантурада кадрлар даярлау қызметіндегі еңбегі бағаланды», – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Университет мәртебесін, абыройын асқақтату жолындағы шығармашылық еңбегіңіз бен ғылыми ізденістеріңіз Сізді биік белестерге жетелей берсін!
Біз Сізді мақтан тұтамыз!
«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған