
Гүлзира апай- білім нұрын жаққан жан,
Жүрегіме үміт отын лаулатқан.
Ағылшынның сырын ашып біздерге,
Болашаққа сенімменен аттанам.
“Hello” деп біз алғаш қадам басқанда,
Сіз тұрдыңыз жанымызда әр таңда.
Қиын болса, түсіндіріп сабырмен,
Жетектеді биіктерге, арманға.
Сіздің әрбір айтқаныңыз жарық нұр,
Жол көрсетер өмірімде асыл жыр.
Білімменен сусындатқан шәкіртті,
Ұстаз деген — Ұлы есім, мәңгі сыр.
Ағылшын тілі — жаңа әлем есігі,
Сол есікті аштыңыз бізге кешегі.
Еңбегіңіз жүрегімізде сақталар,
Ұмытылмас әр сабағы, өсиеті.
Гүлзира апай, алғысымыз көп шексіз,
Сізбен бірге талай белес кештік біз.
Қайда жүрсек еске алып әрдайым,
Мақтанышпен сізді айтып жүреміз.
Әсел Алтынбекқызы АШИРБАЙ,
№37 «Еңбек» ЖББМ
11″Ә”сынып оқушысы.
