23-сәуір Ұлтық кітап күні «Кітап білім бұлағы » тақырыбында 16.04.2026-23.04.2026 жыл аралығында кітап апталығы болды.
Кітап- адамзаттың ең асыл қазынасы,білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Ұлттық кітап күні- оқырман мен кітаптың арасын жақындатып рухани құндылықтарды дәріптейтін ерекше мереке.
Адал азамат,біртұтас тәрбие «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру мақсатында Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани дүниесін байыту.

Кітап арқылы адам өткен тарихын танып,бүгінін бағалап,болашағын бағдарлайды.Әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін кітап-сенімді дос, ақылшы әрі бағыт беруші.
Ұлттық кітап күні апталығында түрлі іс-шаралар,кітап көрмесі ұйымдастырылды.Сынып оқушылары белсене қатысып,Ақын жазушыларымыздың өлеңдерін жатқа айтып, Д.Исабековтың «Әпке» пьесасынан үзінді қойылым болды.

Қазіргі цифрлық заманда да кітаптың орны ерекше.Элекртонды құрылғылар қанша дамыса да,қағаз кітаптың берері әсері мен тәрбиелік мәні бөлек.Әрбір адам кітап оқуды күнделікті әдетке айналдыру қажет.
Кітап- рухани байлықтың алтын кілті.Ұлттық кітап күні барша оқырманға шабыт сыйлап, жаңа білімге жетелей берсін.
П.СЕРАЛИЕВА,
М.Шоқай атындағы 26 ЖББМ.КММ кітапханашы.
