ТІЛДЕР КЕҢІСТІГІ: ҰЛТТЫҚ  ҚҰНДЫЛЫҚТАН  ЖАҺАНДЫҚ МҮМКІНДІККЕ

Ана тілінің мәртебесін көтеріп, көптілділікті насихаттау — заман талабы.Осы талапқа  «Ш.Уәлиханов атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінде  дәстүрлі Тілдер мерекесіне орай 04.09.2026 – 17.09.2026 жыл аралығында «Тілдер кеңістігі: ұлттық құндылықтан жаһандық мүмкіндікке» атты арнайы онкүндік өтіп жатыр. Осы ауқымды шара аясында оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру мақсатында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пән бірлестіктерінің ұстаздары Г.Бозаева, А.Нуртаева, А.Нұрманова, Г.Кактабаева,   «Language Quest: тілдер лабиринті» атты инновациялық интерактивті тілдік квест  ұйымдастырды.

Бұл танымдық ойынның басты ерекшелігі — заманауи ақпараттық технологиялар мен білімді ұштастыруында болды. Мектеп аумағының әртүрлі аймақтарына жасырылған арнайы QR-кодтар арқылы оқушылар смартфондарын пайдалана отырып, үш тілдегі (қазақ, орыс және ағылшын) күрделі жұмбақтарды, логикалық тапсырмалар мен аударма жаттығуларын орындады.

  Сайыс барысында оқушылар тек тілдік білімдерін сарапқа салып қоймай, тапқырлық, шапшаңдық және топтасып жұмыс істеу қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Тілдер лабиринтінен адаспай, берілген тапсырмаларды бірінші болып шешкен үздіктер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 Мұндай  заманауи форматтағы ойындар оқушылардың үш тілді меңгеруге деген ынтасын арттырып, сандық технологияларды білім беру саласында тиімді пайдалануға жол ашады.

 «Ана тіліміз — ұлттық құндылығымыз болса, өзге тілдерді меңгеру — жаһандық мүмкіндіктерге ашар алтын кілт». Онкүндік аясында өткен бұл шара оқушыларға зор әсер сыйлап, олардың білімге деген құштарлығын шыңдай түсті.

Г.БОЗАЕВА,

Ш. Уәлиханов атындағы

№2 жалпы орта мектебінің

орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі.