Мұғалімдер спартакиадасындағы жетістік!

2025 жылдың 2–4 қазан күндері қала, кент және ауылдық округтерде орналасқан жалпы білім беру мекемелері арасында спорттың бірнеше түрі бойынша іріктеу кезеңдері ұйымдастырылды.

       9–11 қазан аралығында аудан көлемінде дәстүрлі «Мұғалімдер спартакиадасы» жоғары деңгейде өткізілді.

Мұғалімдер спартакиадасы – ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, ұжымдық рух пен ынтымақтастықты арттыруды мақсат еткен маңызды шара болып табылады. Спартакиада барысында мұғалімдер өздерінің тек білім беру ісіндегі шеберлігін ғана емес, спорттағы ептілік пен жігерін де көрсетіп, көрермендерге керемет әсер сыйлады.

 Нәтижесінде  «Қ.Дәрімбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Асық ату” – дәстүрлі ұлттық ойынға деген қызығушылық пен шеберліктің арқасында  Б. Қарабалаев,  А. Керимкулов,  А. Ташкенбай 3-орынды иеленді.

Бұл жетістік – ұстаздарымыздың рухани және физикалық дайындығының  айқын көрсеткіш. Мұғалімдеріміздің спорттағы бұл жеңісі жас ұрпаққа үлгі болып, оларды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырары сөзсіз.

Спорт – адамның денесін шынықтырып, денсаулығын жақсартудың ең тиімді жолы. Дене қимылы арқылы адам бұлшық еттерін нығайтып, қан айналымын жақсартады, көңіл күйін көтереді.

Спортпен айналысатын адамның өмірге деген құлшынысы артады, еңбекке бейімі жоғары болады. Сонымен қатар спорт адамды тәртіпке, төзімділікке және мақсатқа жетуге үйретеді.

Қазіргі таңда елімізде спортқа ерекше көңіл бөлінуде. Мектептерде, жоғары оқу орындарында спорт залдары мен алаңдар салынған. Бұл – жас ұрпақтың дені сау болып өсуіне жасалған үлкен мүмкіндік.

Сондықтан әрбір адам спортпен шұғылданып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені «Денсаулық – зор байлық», ал сол байлықтың кепілі – спорт!

Керимкулов Асет

Дене шынықтыру әдіс бірлестік жетекшісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *