Жетісай ауданының білім бөлімі ҚР ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша Департаменті Мақтаарал ауданындағы шекара басқармасының 2026 жылғы 22 қыркүйектегі №15/8-2-3898 хатына сәйкес ҚР ҰҚК Шекара қызметін кадрлық құрамын ұдайы толықтыру мақсатында жуырда «Жаңа Ауыл» ауылдық округінде орналасқан «Қ.Яссауи атындағы №22 ЖББМ» КММ-де іс-шара ұйымдастырылды. Шараны ҚР ҰҚК шекара қызметі Түркістан облысы бойынша Департаменті Мақтаарал ауданы бойынша шекара басқармасы ұйымдастырды.

«Жаңа ауыл» шекара бөлімшесі бастығының тәрбие ісі және идеология жөніндегі орынбасары аға лейтенант Жақсылықов Сансызбай Ғалымжанұлы қонақ болып, шараны жүргізіп отырды. Сондай-ақ, 11-сынып ер балалары, ата-аналар және Әкімшілік БӘД жетекшілері, «Қ.А.Яссауи атындағы мектептен лейтенант К.Кенжеев, «Б.Майлин атындағы мектептен сержант Қ.Сейітов, «Рудаки атындағы мектептен қатардағы жауынгер Д.Наврузов, «А. Жами атындағы мектептен капитан К. Кунаров, «Т. Рысқұлов атындағы мектептен капитан Н.Тулешовтер қатысты.
Шараның мақсаты- мектеп түлектеріне әскери мамандықтың маңыздылығын түсіндіру, Отан алдындағы борыш пен патриоттық сезімді арттыру, әскери оқу орындарына түсуге бағыт-бағдар беру және болашақ мамандықты саналы таңдауға көмектесу.
Кездесу барысында оқушыларға ҚР ҰҚК Шекара академиясына, Құрлық әскерінің Әскери институтына, Ұлттық ұлан академиясына, және шетелдік әскери оқу орындарына түсу шарттары, талаптары және артықшылықтары толық түсіндірілді. Түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Еліміз үшін маңызды мамандықтың бірі — Отан қорғау! Отан қорғау – абыройлы міндет!
Қанат СЕИТОВ,
№21 Б.Майлин атындағы мектепте БӘД пәнінің мұғалімі.
