Ерекше білімді қажет ететін оқушыны қоғамға араластыру

2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері  үшін үздік инклюзивті білім беру тәжірибелерін қолдану саласындағы Педагогикалық  шеберлік бойынша «Қазіргі заманның үздік мұғалімі» педагогикалық байқауы Астана қаласында  өткізілді. Осы байқауға Түркістан облысы Жетісай  ауданы”Н.Оңдасынов атындағы N14 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінде 3 «А» сынып  жетекшісі Дуйсенова Феруза  оқушысы Құттыбай Төрегелді Нұржанұлы  және  педагог  ассистент Абылдаева Айнур ұстаздарымыз  қатысты. Нәтижесінде  оқушының алға  жылжушылығы  мен ортаға бейімделіп кетуіне  ықпал жасап әдіс- тәсілдермен баланың қандай іске бейім екенін зерттеу  арқылы  баланың  мүмкіндіктер ашылды. Әрине бұл үлкен  еңбекке басқа да ұстаздардың үлесі бар Мектеп дефектолог,логопед,  педагог ассистент, психолог және пән мұғалімдерінің еңбектерінің арқасында .  Бұл байқаудың құндылығы  қазіргі қоғамның басты құндылығы – адам және оның мүмкіндіктері .Әрбір бала дүниеге ерекше болып келеді, ал оның қабілеті мен әлеуетін ашу – ересектердің, әсіресе ұстаздар мен ата-аналардың басты міндеті. «Барлық бала ерекше, тек оның жүрегінен орын таба білу керек» деген ой ерекше білімді қажет ететін оқушыларға деген көзқарастың негізі болуы тиіс.

Қазіргі қоғамның басты құндылығы – адам және оның мүмкіндігі. Әрбір бала дүниеге ерекше болып келеді, ал оның қабілеті мен әлеуетін ашу – ересектердің, әсіресе ұстаздар мен ата-аналардың басты міндеті. «Барлық бала ерекше, тек оның жүрегінен орын таба білу керек» деген ой ерекше білімді қажет ететін оқушыларға деген көзқарастың негізі болуы тиіс.

Ерекше білімді қажет ететін балалар – бұл мүмкіндігі шектеулі емес, керісінше, ерекше қолдау мен түсіністі қажет ететін тұлғалар. Оларды қоғамнан бөле-жарып қарау емес, керісінше, қатарластарының ортасына бейімдеп, әлеуметтендіру – инклюзивті білім берудің басты мақсаты.

Мұндай оқушыларды қоғамға араластыру ең алдымен мейірім мен қабылдаудан басталады. Мұғалімнің жылы сөзі, сыныптастарының қолдауы, ата-ананың сенімі баланың өзіне деген сенімін арттырады. Өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінген бала қоршаған ортамен еркін қарым-қатынас орнатып, өз қабілетін көрсетуге ұмтылады.

Инклюзивті ортада оқыту – тек ерекше баланың ғана емес, барлық оқушының тұлғалық дамуына оң әсер етеді. Себебі балалар бір-біріне жанашыр болуды, төзімділік пен сыйластықты үйренеді. Бұл – болашақта ізгі, жауапты қоғам қалыптастырудың негізі.

Ерекше білімді қажет ететін оқушыларды қоғамға араластыруда педагогтердің кәсіби шеберлігі, психолог пен дефектолог мамандардың көмегі, ата-анамен тығыз байланыс маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар баланың жетістігін үнемі атап өту, оның әрбір кішкентай қадамын бағалау – үлкен нәтижеге жетелейді.

Қорытындылай келе, әр бала – қайталанбас әлем. Олардың мүмкіндігін шектеу емес, жүрегіне жол табу арқылы қанаттандыру қажет. Ерекше білімді қажет ететін оқушыны қоғамға араластыру – бұл тек білім беру міндеті емес, адамгершілік пенжауапкершіліктің көрінісі. Осындай ізгі көзқарас арқылы біз мейірімді, тең мүмкіндіктерге негізделген қоғам құра аламыз.

Феруза ДУЙСЕНОВА,

 Сынып жетекшісі.

Айнур АБЫЛДАЕВА,

Педагог  ассистент.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *