Бүгінгі күннің оқушысы — ертеңгі ел тірегі, ғылымның қозғаушы күші. Осы мақсатта 2026 жылдың 7 сәуіркүні «Қ.Дәрімбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де ДОЖЖО Г.Елеупова, физика пәні мұғалімі Г.Ауашева, бастауыш пәні мұғалімі В.Оңғарбаевалардың ұйымдастыруымен «Зерде» кіші ғылыми жоба жұмыстарының қорғалымы өтті. «Жас ғалымдардың зерттеуалаңы» деп аталған бұл шара оқушылардың ізденімпаздығы мен шығармашылық әлеуетін паш етті.Биылғы байқауға ұсынылған жұмыстар тақырыпты қ ауқымының кеңдіг і мен және өміршеңдігі мен ерекшеленді. Бастауыш сынып бүлдіршіндерінен бастап, бітіруші сынып оқушыларына дейін өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап іздеген:
Экология жән е денсаулық: 2-сынып оқушысы Бекман Альмира қоқысты сұрыптаудың маңызын зерттесе , Нұрмаханбек Ақтоты су ішу тәртібінің адам ағзасына әсерін зерделеген. Сонымен қатар, бал, алма, жүзім және тұздың пайдасы туралы танымдық жобалар көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
ИнновацияжәнеIT: Жоғары сынып оқушылары күрделі технологиялық шешімдерді ұсынды. Мәселен, 9 А сынып оқушысы Ахмет Дидарай жаңбырағынынан энергия алудың автономды жүйесін («SmartRain») таныстырса , 10 А сынып оқушысы Беркинбай Назым мен 9 А сынып окушысы Шериаздан Мөлдір жасанды интеллекттің математикалық логикамен және алгебра мен байланысын талдады.
Қолданбалығылым: 7 Ә сынып оқушысы Назарбай Әбубәкір крахмалдан биологиялық ыдырайтын пластик жасау жолын ұсынып, экологиялық мәселен і шешудің тиімді жолын көрсетті.
Әрбір сәтті шыққан жобаның артында білікті ұстаздың еңбегі тұрғаны анық.Байқау соңында қатысушылардың еңбегі еленіп, үздік жұмыстар марапатталды. Мектеп қабырғасында өткен бұл шара оқушылардың тек білімін ғана емес, сонымен қатар көпшілік алдында сөйлеу, өз ойын дәлелдеу және ғылыми тұжырым жасау дағдыларын шыңдады.
«Зерде» жобасы — жас жеткіншектерді үлкен ғылым әлеміне жетелейтін алғашқы әрі маңызды баспалдақ. Жас ғалымдарымыздың қадамы құтты, ізденістері жемісті болсын!
Г. ЕЛЕУПОВА,
«Қ.Дәрімбаев атындағы №41 ЖББМ»КММ директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары.
