Құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау басты міндетіміз

Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша мектепке бекітілген ішкі істер бөлімінің қызметкері Н.Қалмырзаев баяндама оқыды. Нәпсісін тыйа алмағандардың саны жыл өткен сайын артуда, биыл облыс бойынша оның саны 8 жетті. Олар үшін жаза қатаң 14 жастан бастап тәртіптік шара көрілетінін өмір бойы абақтыға тоғытылатыны туралы айтты. Сол үшін нәзік жандар абай болу керек екені ескертілді. Түнгі мезгілде 22:00 ден кейінге жүруге тиым салынады, рұқсат жоқ. Ата – ана өз балаларына егелік жасамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 127 баппен айыппұл салынады. Оқушылар бойынша әлімжеттік аса ауыр қылмысқа жатады. Оқушылар арасында орын алған жағдайда 14 жастан бастап жауапқа тартылады деп сөзін қорытындылады. Тиісті баптармен жазаланатынын айтып өтті. Жолда жүру ережесі бойынша мектепшілік ережені сақтау бәріміздің міндетіміз. Уақытылы сабаққа келу, себепсіз сабақтан қалмау, үзілісті тиімді пайдалану керек екені оқушыларға ескертіліп отырады. Таңертең ерте келіп, оқушыларының қатысымын бақылап мәлімет беру керектігі оқушылар жиынында сынып жетекшілерге ұдайы айтылып отырады. Жол ережесін сақтау, мектепке келе жатқан, кетіп бара жатқан кезде тратуармен қозғалу керек екенін ескерту, үлкен жолмен жүруге тиым салынған, деп ДТІЖО С. Исмайлов қорытындылады.

Исмайлов. С,

«51 Дәуір» ЖББМ  — тің        ДТІЖО.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *