Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту, жауапкершілік сезімін арттыру және өз ойын еркін жеткізуге үйрету- басты міндеттердің бірі болып табылады. Осы мақсатта «№73 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Өзін-өзі басқару ұйымы өз жұмысын нәтижелі жүргізіп келеді.
Аталған ұйымның басты мақсаты- оқушылардың мектеп өміріне белсене араласуын қамтамасыз ету, бастамашылдық пен жауапкершілікті дамыту, бірілік пен өзара сыйластық сезімін қалыптастыру.

Өзін-өзі басқару ұйымының құрамына үлгілі, тәртіпті және белсенді оқушылар енгізілген. Ұйым жұмысы бірнеше бағыт бойынша жүзеге асады:
1.Білім және тәртіп фракциясы- сабаққа қатысу, үлгерім мен тәртіпті бақылау;
2.Мәдени және өнер фракциясы- мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру;
3.Экологиялық фракция- тазалық, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті насихаттау;
4.Ақпарат және БАҚ фракциясы- мектеп жаңалықтарын жариялау, ақпарат алмасу;
5.Қайырымдылық және волонтерлік фракциясы- ізгі істер мен көмек көрсету акцияларын ұйымдастыру;
6.Спорт және салауатты өмір салты фракциясы- спорттық шаралар мен жарыстар өткізу;
7.Тәрбиелік және рухани – адамгершілік фракциясы- адамгершілік, имандылық құндылықтарын насихаттау;
8.Құқық фракциясы- оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу;
Ұйым мүшелері мектеп әкімшілігі және тәлімгермен тығыз байланыста жұмыс істейді. Олар ай сайын жиналыс өткізіп, мектеп өміріндегі өзекті мәселелерді талқылайды, ұсыныстар білдіреді және түрлі бастамалар көтереді.

Өзін-өзі басқару ұйымы- жас ұрпақтың бойында көшбасшылық қасиетті, жауапкершілік пен белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыратын маңызды құрылым. Оқушылар бұл ұйым арқылы өз мектебіне үлес қосып, қоғамда өз орнын табуға үйренеді.
Жанар НАЗАНОВА,
Жетісай ауданының білім бөлімі «№73 жалпы білім беретін мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде аға жетекшісі.