САПАЛЫ БІЛІМ – КЕЛЕШЕККЕ НЫҚ ҚАДАМ

Білім – ұлттың болашағын айқындайтын басты құндылық. Осы бағытта Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты «М. Шоқай атындағы №26 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жыл сайын өз түлектерін үлкен өмірге қанаттандырып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде тұрақты нәтижелер көрсетіп келеді.

2023–2024 оқу жылы мектебіміз үшін табысты жылдардың бірі болды. Аталған оқу жылында 48 оқушы мектепті аяқтап, олардың 6-ы «Алтын белгі» иегері атанса, 2 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды. 46 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, нәтижесінде 13 оқушы мемлекеттік білім грантын жеңіп алды. Бұл көрсеткіш – мектеп ұжымының жүйелі жұмысы мен оқушылардың табандылығының айқын дәлелі.

2024–2025 оқу жылында да жетістіктер жалғасын тапты. 57 оқушы мектеп бітіріп, олардың 6-ы «Алтын белгі», 2-і «Үздік аттестат» иегері атанды. Бітіруші түлектердің басым бөлігі жоғары нәтижелер көрсетіп, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына жолдама алды. Бұл – білім сапасының тұрақтылығын көрсететін маңызды көрсеткіш.

 Олардың қатарында медицина, педагогика, IT, инженерия және жаратылыстану бағыттарын таңдаған жастар бар.

Бұл жетістіктер – кездейсоқ емес. Мектебімізде білім беру мазмұнын жаңғырту, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Заманауи талаптарға сай білім беру – «келешек мектептерінің» негізгі ұстанымы.

Бүгінгі мектеп – тек білім беретін орын ғана емес, болашақ тұлғаны қалыптастыратын орта. Осы тұрғыда «келешек мектептері» тұжырымдамасы аясында білім ордаларында оқушының шығармашылық, сыни ойлау, цифрлық сауаттылық дағдыларын дамытуға басымдық берілуде. Біздің мектеп те осы бағытта табысты қадамдар жасауда. Оқушылар түрлі ғылыми жобаларға, олимпиадалар мен байқауларға қатысып, өз қабілеттерін жан-жақты дамытып келеді.

Мектептің басты жетістігі – оның түлектері. Бүгінгі жас түлек – ертеңгі ел тірегі. Сондықтан да әрбір жетістік – ұстаз еңбегінің жемісі, ата-ананың үмітінің ақталғаны.

Қорытындылай келе, білім сапасының жыл сайын артып, нәтижелердің тұрақты болуы – «М. Шоқай атындағы №26 жалпы білім беретін мектеп» ұжымының кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігінің айғағы. Алдағы уақытта да мектебіміз «келешек мектептері» қатарынан көрініп, білім мен тәрбиенің озық үлгісін көрсетеді деген сенім мол.

Жас түлек – ел болашағы. Болашағымыз жарқын болсын!

ҚББП:Д. АЙБЕКОВА,

«М. Шоқай атындағы №26 жалпы білім беретін мектеп» КММ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *