Тұтас бір әулеттің білімге арналған ғұмыры!

Саналы ғұмырын мектептің қоңырауымен үндесіп, талай буынның бағын жаққан Ахметовтар әулиеті  – ұстаздар династиясы.

Қара шаңырақ – білімнің темірқазығы!

Бұл отбасының әрбір таңы ерекше леппен атады. Өйткені бір шаңырақтың астында мектептің бүкіл тыныс-тіршілігі, тұтас даму тарихы тоғысқан. Әулиеттің басшысы – білім ордасының жүгін арқалап, мектептің сапасы мен тәртібін таразылайтын білікті мектеп директоры болған, анасы – алғаш мектеп босағасын аттаған бүлдіршіндердің қолына қалам ұстатқан, әріпті үйреткен аяулы бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарған.

Шаңырақ басшысы Ахметов Абибулла ағамыз басқарушылық пен ұйымдастырушылықты қатар алып жүріп, мектептің іргетасын берік етсе, ардақты анамыз Күзембаева Гүлзағира әрбір кішкентай жүрекке білім мен мейірім дәнін егіп келген. Бірі – парасатты басшы болып, екіншісі – мейірімді педагог ретінде бір-бірін толықтырып отырған бұл қариялар – отбасының да, мектептің де берекесін артқан зейнеткер ұстаздар.

Бұл әулетке босаға аттаған келіндер де осы асыл міндетті бөгде көрмей, шаңырақтың ұстаздық дәстүріне өз үлестерін қосты. Бүгінде ұл-қыздары мен келіндері кең байтақ Қазақстан жерінің түрлі  мектептерінде негізгі пәндерден,атап айтқанда ағылшын тілі, математика, қазақ тілінен беріп, сапалы білім мен саналы тәрбие дәнін жас буынға сеуіп келеді.

”Біздің үйдегі дастарқан басындағы басты тақырып – әрдайым сабақ барысы, оқушылардың жетістігі мен білім сапасы. Үйіміз – мектептің заңды жалғасы сияқты. Бұл біз үшін жай ғана қызмет емес, ұрпақтан ұрпаққа өтетін өмірлік ұстанымымыз,» – деді кейіпкерлеріміз.

Жаңа дауірдің жас өркені: Немерелер де сапта ​Бұл шаңырақтағы ұстаздық шынжыр үзілген емес, қайта жаңа буынмен толығып, заман талабына сай түлеп келеді. Династияның үшінші буыны – немерелері де ата-анасы мен ата-апасының даңқты жолын таңдап, мектеп табалдырығын қайта басқа бейнеде аттап,ұстаз атануда . Үлкендердің мол тәжірибесін бойына жинап, заманауи цифрлық технология мен жаңашыл әдістемелерді меңгерген жас мұғалімдер бүгінде өз ортасында зор құрметке ие.

Өнегелі өмірдің түйіні атасы директор, анасы бастауыш мұғалімі, ұлдары, қыздары, келіндері мен немерелеріне дейін бор ұстап, тақта алдында тұрған бұл отбасының жалпы педагогикалық еңбек өтілі  660 жылдан астам уақытты құрайды. Бұл – жай ғана сандар емес, бұл – мыңдаған шәкірттің бойына сіңірілген еңбек, еліміздің болашағына қосылған өлшеусіз үлес.

Гулбала АХМЕДОВА,

№15  М.Жұмабаев мектебінің шет тілі мұғалімі.