«Ұстаздар мерекесі –ел мерекесі»

Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса,

қадірлі орын – мұғалімдердікі.

                                                                                                                   ( Мағжан Жұмабаев)

Ұстаздар мерекесі – ел мерекесіҰстаз деген – жай ғана мамандық емес, ол – үлкен миссия, жүректің ісі. Әрбір адамның өмірінде ұстаздың орны бөлек. Ана тілімізді, алғашқы әріпті, сандарды, жақсы мен жаманды ажыратуды үйреткен жан – мұғалім. Сондықтан Ұстаздар мерекесі – тек мектептің ғана емес, бүкіл елдің мерекесі.Барлық мамандықтар иелері алғашқы ұстаздарынан білім,өнеге алған.Қазақ халқы ежелден ұстазды ерекше қадірлеген. «Ұстаздан тәрбие алған» деген сөздің өзі үлкен мақтаныш саналған. Ыбырай Алтынсариннен бастап, Ахмет Байтұрсынұлына дейінгі ағартушыларымыз білімді ұлттың болашағы деп білген. Бүгінгі ұстаз – сол ұлы жолдың жалғастырушысы.Осы жоғарыда айтылғанның бәрінің бір дәлелі ол біздің М.Шоқай атындағы жалпы білім беретін мектептің ұлағатты, ауыз біршіліктері айрандай ұйып отырған ұстаздары.«Ұстаз білім-мектеп кеме» демекші сол кеменің тізгінін ұстап,әр ұстаздың мұң мұқтажын өз жүрегімен сезініп,құрметке бөлене отырып, өз жұмысының майталманы мектебіміздің директоры  Примбекова  Ұлжалғас апайымыз абыроймен атқарып отырғанын айта кетпеске болмас.Жылында бір келетін ұстаздар мерекесін бұл жылда да қызықты әрі маңызды етіп атап өткен мектептердің қатарындамыз деп сенемін.Мектептің мәжіліс залында аталып өтілген мұғалімдерге арналған бұл іс-шарада мұғалімдердің және оқушылардың концерттік бағдарламалары мен бірге ұлағатты ұстаздарға құрмет граммоталарымен өз жұмысын жоғары дәрежеде атқарған ұстаздарға алғыс хаттармен марапатталып,осы мектебімізге оқушыларға біліммен қатар тәрбие беріп,бейнетінің зейнетін көріп жүрген ардақты ардагер ұстаздарымыз келіп өз ықыластарын білдіріп ,тілектерін айтып жас буын ұстаздарға ақыл кеңесін беріп мерекелік іс -шара  жақсы көңіл күйге ұласып жатты.Оқушылардың таңата мектепке ағылған ұстаздарды мектеп табалдырығынан аттап өткен сәттерінен бастап көңілді қарсы алған оқушылардың мұғалімдердерге деген ыстық ықыласпен сүйіспеншіліктерін ашық хаттардың бетіне түсіріп,мұғалімдерге күн бойына жақсы көңіл күй сыйлап жатты.Әрине бұның барлығы ұстаздардың оқушыларға берген тәлім тәрбиесінің арқасы деп білемін.Мұндай адамгершілігі мол,ұстаздарға деген құрмет көрсетудің арқасында ұстаздардың мол еңбегі жатыр.Айта кететін жәйт қазіргі заман – технология мен ақпарат заманы. Оқушының қолынан смартфоны түспейді, кез келген ақпаратты интернеттен таба алады. Бірақ балаға адамгершілікті, отансүйгіштікті, еңбекқорлықты дәл мұғалімдей интернет үйрете алмайды. Оны тек жүрегімен сүйетін ұстаз ғана үйрете алады. Тақта алдында тұрған әр мұғалімнің артында – ертеңгі дәрігер, инженер, ғалым, елді басқаратын азаматтар тұр.Ұстаздың еңбегі сағатпен өлшенбейді. Ол кешке дейін дәптер тексеріп, түнде сабақ жоспарын жазады, оқушысының қуанышына қуанып, қайғысына ортақтасады. Кейде ата-анадан да артық жанашыр болатын кездері бар.Сондықтан бұл күні әр шәкірт өзінің ұстазына бір ауыз жылы лебізін арнауы тиіс. Гүл сыйлау, алғыс айту – үлкен тәрбие.Ұстазын сыйлаған ел – озады. Мұғалім мәртебелі болса, білімді ұрпақ өседі, білімді ұрпақ болса, елдің болашағы жарқын болады.Барша ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздердің еңбектеріңізге бас иеміз.

Алия ЖУСУПБЕКОВА,

М.Шоқай атындағы №26 ЖББМ  ағылшын тілі пәні мұғалімі.