Жас маманның алғашқы қадамдары

Ұстаздық жол – үлкен жауапкершілік пен үздіксіз ізденісті талап ететін қасиетті мамандық. Жас маман ретінде еңбек жолымды бастаған сәттен бастап әр сабақ мен үшін жаңа тәжірибе мен үлкен мектепке айналды. Алғашқы қадамдарым толқыныс пен сенімнің қатар жүрген кезеңі болды.

   Сынып алдына алғаш шыққан сәтте әр оқушының жанарына үмітпен қарадым. Олардың білімге деген қызығушылығын ояту, математика пәнін түсінікті әрі қызықты жеткізу – менің басты мақсатым. Сабақ барысында топтық жұмыс пен логикалық есептерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруға тырысамын.

  Мектеп өміріне де белсенді араласудамын. Апталық аясында «Қызықты математика» атты сыныптан тыс шара ұйымдастырып, оқушылар арасында зияткерлік ойын өткіздім. Сонымен қатар тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысып, әдіс-тәсілдерін өз тәжірибеме енгізіп келемін.

   Әр сабақтан кейін өзіме талдау жасап, нені жетілдіру керек екенін саралап отырамын. Ұстаздық жолдағы алғашқы қадамдарым мені шыңдап, кәсіби тұрғыдан өсуге жетелейді. Алдағы уақытта да білімімді жетілдіріп, шәкірттеріме сапалы білім беруге бар күш-жігерімді саламын.

Гаухар ӘБДІХАЛЫҚ,

№10 «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің математика пәнінің мұғалімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *