Тоғыз құмалақтан жеткен жетістіктер

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде оқушылар бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, зияткерлік қабілеттерін дамыту және отансүйгіштік рухта тәрбиелеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Осы мақсатта «№51 «Дәуір» жалпы білім беретін мектеп» КММ-де ұлттық ойын — тоғыз құмалақ үйірмесі тұрақты түрде жұмыс істейді. Үйірмеге жетекшілік ететін  дене шынықтыру пәні мұғалімі  Агибаев Сабит оқушыларды ұлттық спортқа баулып, олардың ой-өрісін кеңейтіп келеді.

Жақында өткен аудандық тоғыз құмалақ жарысында ұстаздың шәкірттері үздік нәтиже көрсетіп, І және ІІ орындарды иеленді. Осы жетістіктің нәтижесінде шәкірттеріміз Түркістан қаласында өткен облыстық сайыста мектеп намысын қорғап, қатысып қайтты.

Бұл көрсеткіш — ұстаз еңбегінің, жүйелі дайындықтың және оқушылардың табандылығының айғағы.

Мектеп ұжымы атынан Агибаев Сабитке және оның шәкірттеріне алдағы уақытта да табыс пен жаңа биіктер тілейміз.

А.Қараева,

ДТЖЖО.

Добавить комментарий