«Алтын сақа» математика олимпиадасы өтті

«Алтын сақа» математика олимпиадасы — аудандық кезең нәтижесі

«Қ.Дәрімбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 4 “Ә” сынып оқушысы Мұратбек Гауһар «Алтын сақа» математика олимпиадасының аудандық кезеңінде I орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі – Асубаева Айгүл.

Оқушының зеректігі мен жетекшісі тарапынан жүргізілген жүйелі дайындық пен кәсіби шеберліктің нәтижесінде келген жеңіс құтты болсын! Облыстық кезеңде де өзгелерден оза шауып, үздіктер қатарынан табылады деген сенім зор!

Гауһарға шығармашылық табыс пен биік белестерді, ал жетекшісіне толағай жетістіктер мен кәсіби шабыт тілейміз! Білім жолындағы бұл жарқын жеңіс – жаңа табыстардың бастауы болсын!

Оқушыларымыз бен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестерді бағындыра беріңіздер!

Акхал Агайдарова,

Мектеп директоры.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *