5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай “N11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тілдер мерекесінің онкүндік жоспарына сәйкес
7″Г» сынып оқушысы Абдрахман Тоғжан.
7″Ә» сынып оқушылары Қасымбай Зере.
Құрбанбек Нұрзинат.
7″Д» сынып оқушысы
Сапархан Айзере.
8″Г» сынып оқушылары
Абилкасым Аяулым.
Есенбек Айназ.
Жұмаханбет Айтолқын, осы оқушылар арасында «Дәстүрдің үш тілдегі үні» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға қазақ халқының ұлттық құндылықтарын таныстыру, салт-дәстүрлері мен ұлттық тағамдарын, қолөнер бұйымдарын дәріптеу және оларды қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде таныстыру арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту.
Іс-шара барысында оқушылар тұсаукесер, бесікке салу, шілдехана сияқты ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырып, бауырсақ, қымыз, құрт, бесбармақ секілді ұлттық тағамдар туралы мәлімет берді. Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық қолөнері, ою-өрнектері, киіз бұйымдары мен зергерлік өнері туралы үш тілде ақпарат ұсынды.
Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – маңызды міндеттердің бірі. Осы орайда «Дәстүрдің үш тілдегі үні» тақырыбының маңызы ерекше. Қазақ халқының салт-дәстүрін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таныстыру – ұлттық мәдениетті кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.
Ұлттың рухани байлығы – оның салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық құндылықтары. Дәстүр – атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл мұра. Ол халықтың тарихын, дүниетанымын, мәдениетін танытып қана қоймай, жас ұрпақты отансүйгіштікке, үлкенді құрметтеуге, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейді.
Іс-шара оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, ана тілін құрметтеуге, өзге тілдерді меңгеруге және ұлттық құндылықтарды насихаттауға ықпал етті.
Салтанат КЕРИМОВА,
«N11″Жеңіс» мектеп-гимназия»кмм
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
