ЖЕТІСТІККЕ ТОЛЫ ЖЫЛ: МЕКТЕБІМІЗДІҢ   МЕРЕЙІН АСЫРҒАН ШӘКІРТТЕР

Білім – биік белеске бастар жол, ал сол жолдағы әрбір жеңіс – шәкірттің талпынысы мен ұстаздың еңбегінің, ата-ананың қолдауының жемісі.  2024–2025 оқу жылы мектебіміз үшін осындай жарқын жетістіктерге, толағай табыстарға толы жыл болды.

Ауданымыздағы 77 мектептің арасында бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің ІІ орын, ал мектептер арасындағы жалпы көрсеткіш бойынша 11-орын иеленуі – ұжым еңбегінің нақты нәтижесі. Бұл жетістіктердің негізінде білімге құштар шәкірттер, ізденімпаз ұстаздар және баласының әр қадамына қолдау көрсеткен ата-аналар тұр.Білім бәйгесінде топ жарғандар.

Бастауыш сынып оқушылары республикалық деңгейдегі «Алтын сақа» және «Бастау» математикалық олимпиадаларында жоғары нәтижелер көрсетті. Жақсылық Ерасыл 3 «А» сынып оқушысы, «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңінде ІІ дәрежелі диплом иеленді. Жетекшісі – А. Атакулова.

Мұхтар Ақжол 4 «Ә» сынып оқушысы, аталған олимпиаданың аудандық кезеңінде ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Сүлеймен Қазына, 4 «Б» сынып оқушысы, «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық, облыстық және республикалық кезеңдеріне қатысып, І дәрежелі диплом иеленді. Облыстық кезеңде ІІІ орын алды. Сонымен бірге «Бастау» ХІХ математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде І орын, облыстық кезеңінде мадақтама иеленді. Жетекшісі – Қаратаева Б.

Жұмабек Қазына, 2 «А» сынып оқушысы, «Бастау» ХІХ математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде ІІІ дәрежелі диплом иеленді. Жетекшісі – Бексеитова Г.

Қазақ тілі мен әдебиеті бағытында да шәкірттеріміз биіктен көрінді.

Жаманқұл Біржан, 9 «А» сынып оқушысы, «Махамбет оқулары» байқауының аудандық және облыстық кезеңдерінде І орын алып, республикалық кезеңге қатысты және Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі – Ақшаева Ақтоты.

Біржан аудандық «Ақберен» шығармашылық өнер сайысында ұлттық аспапта ойнау номинациясы бойынша І орын иеленіп, облысқа жолдама алды. Жетекшісі – Қосқараева Гүлнар.

Сонымен қатар, Абай оқуларында аудандық кезеңде І орын, облыстық кезеңде ІІ орын алды. Жетекшісі – Турмаханбетова Қалия.

Шайзанда Мадина, 11-сынып оқушысы, А.Байтұрсыновтың шығармашылығына арналған «Тіл – қоғамның айнасы» байқауында ІІ орын иеленді. Жетекшісі – Турмаханбетова Қалия.

Хасанова Дилбар, 5 «Б» сынып оқушысы, «Тіл – Тәуелсіздік тұғыры» республикалық пән олимпиадасында ІІІ орын алды. Жетекшісі – Ерназарова Р.

Эсимхан Азамат, 8 «А» сынып оқушысы, аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасының «Әнші бұлбұлдар» номинациясында Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі – Сегізбаева Ж.

 Орыс тілі пәні бойынша аудандық олимпиадада:

Нұрғали Аиша, 5 «Б» – ІІІ орын; Сүлеймен Ақсезім, 6 «Б» – Алғыс хат;

Пазылбек Арын, 8 «Б» – ІІІ орын; Жүсіп Қымбат, 9 «Б» – ІІІ орын;

Сыдықова Ақмарал, 10 «Б» – ІІІ орын; Махкамбай Самира, 11 «Ә» – ІІІ орын иеленді.

 Республикалық қашықтан өткізілген байқауларда да оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды. Юмагужина Амина – ІІ дәрежелі диплом, Жаркинбек Ақдидар – ІІІ орын, Жаманқұл Біржан – жүлделі орын, ал Асыл Айлин мен Койшан Фариза – І дәрежелі диплом иегерлері атанды.

Ағылшын тілі пәнінен аудандық олимпиадада Матжан Кәусар және Жұмабек Кәусар ІІІ орын иеленді. Жетекшісі – Жумаханова Ж.

Жарқынбек Айғаным, 7 «В» сынып оқушысы, «Оқу VISION» сайысында ІІ орын алды. Жетекшісі – Бекет С.

Математика пәнінен де шәкірттеріміз өз білімдерін жоғары деңгейде танытты.Жүсіп Абдрахман «Алтын сақа» олимпиадасында ІІ орын, аудандық пәндік олимпиадада ІІ орын иеленді. Хидирбай Амина «Алтын сақа» олимпиадасында ІІІ орын алды.  Зиябай Кәусар аудандық пәндік олимпиадада ІІІ орын иеленді.

11 «А» сынып оқушысы Шайзанда Мадина аудандық «Алтын түлек» олимпиадасында І орын алып, республикалық кезеңге жолдама иеленді. Республикалық кезеңде жоғары нәтиже көрсетіп, Алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар «Алтын-қыран – ерекше дарын иесі» зияткерлік олимпиадасында ІІ орын алды. Жұмахан Дидар осы олимпиадада ІІ орын иеленсе, Абубәкір Алтайыр, Бақберген Айсезім, Сұлтан Бекжігіт «Ақбота» олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды.

Физика мен информатикадағы жетістіктер Пәндік олимпиадада Майлыхан Алинұр мен Сейдулла Муслим ІІ орын иеленді. Аудандық ғылыми жобада Шайзанда Мадина – І орын, аудандық Президенттік олимпиадада Амзе Айша – ІІ орын алды. Қашықтан өткізілген байқауларда Шахмардан Болатбек «Ақбота» сайысынан информатика пәні бойынша ІІІ орын, Майлыхан Алинұр «Білімді ұрпақ» сайысында І орын, Сұлтан Бекжігіт – ІІІ орын, Бейсенбай Нұрсұлтан – ІІ орын иеленді.

AIQANAT – білім биігіндегі жаңа белес Мектебіміз оқушыларының соңғы жылдардағы маңызды жетістіктерінің бірі – AIQANAT олимпиадасындағы тұрақты нәтижелер. Бейсенбай Нұрсұлтан, 8-сынып оқушысы, республика бойынша үздік мыңдыққа еніп, сертификат иеленді. Жетекшісі – Сегизбаева Ж. Оспан Дина, 9-сынып оқушысы, 2025 жылғы AIQANAT олимпиадасының финалисі атанып, оқу жылын үздік аттестатпен аяқтады. Жетекшісі – Турмаханбетова Ғ.

Дүйсенбай Назгүл – 2023 жылғы AIQANAT олимпиадасының үздік финалисі. Биыл мектепті «Алтын белгімен» тәмамдады. Жетекшісі – Валиева З.

Бұл нәтижелер мектебімізде олимпиадалық дайындықтың жүйелі жолға қойылғанын көрсетеді.

Спорттағы саңлақтар

Мектебіміздің мерейін білім бәйгесінде ғана емес, спорт алаңдарында да асқақтатып жүрген шәкірттеріміз бар.

Әбубәкір Алтайыр, 5 «Ә» сынып оқушысы, «Бестемше – тоғызқұмалақ бастауы» тақырыбындағы ғылыми жобаның мектепішілік кезеңінде І орын, аудандық кезеңінде ІІІ орын иеленді. Жетекшісі – Байбақова Раушан Кенесқызы. Үстел теннисінен мектебіміздің атын республикаға танытып жүрген Лесбай Ерасыл, Қарашев Адилхан, Айтмұрат Айда Мектеп лигасының республикалық жарысында ІІ орын иеленді. Жетекшісі – Қарашев Ерлан.

Назир Мадина, 11 «Б» сынып оқушысы – үстел теннисінен спорт шеберлігіне кандидат, аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы. 2024 жылы «Үздік спортшы» номинациясының иегері атанды.

Назир Айна, 8 «В» сынып оқушысы – үстел теннисінен спорт шеберлігіне кандидат, аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Ауыл ойындарының жеңімпазы, Ұлттық мектеп лигасында ІІ орын иегері.

Назир Ұлданай, 7 «Б» сынып оқушысы – үстел теннисінен аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Жетекшісі – Қарашев Ерлан.

Әбдашім Нурислам, 11 «Б» сынып оқушысы – үстел теннисінен аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстан чемпионы, Түркістан облысы құрама командасының капитаны, спорт шеберлігіне кандидат. Жетекшісі – Есімханов Ержан.

Ал Болатбек Назерке халықаралық додаларда да мектебіміздің көк байрағын биікке көтерді. Ол: 2025 жыл – Қатар, Доха қаласы, халықаралық турнир – І орын;  2025 жыл – Астана қаласы, Президент Кубогы – ІІІ орын; 2026 жыл – Қатар, Доха қаласы, халықаралық турнир – ІІІ орын;  2026 жыл – Өзбекстан, Ташкент қаласы, халықаралық турнир – ІІ орын иеленді. Жетекшісі – Есімханов Ержан.

Мектебіміздің өнерлі жастары да талай биікті бағындырды. Мектеп жанынан құрылған «Арай би» тобы республикалық байқауларда жоғары нәтиже көрсетті. «Дарынды балаларға талантты ұстаз» І республикалық байқауында І орын, ал «Жас дарын» орындаушылар байқауында Бас жүлде иеленді. Бұл жеңістер – өнерге құштар шәкірттердің таланты мен топ жетекшісі Асанова Қымбат апайдың тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

ТҮЛЕКТЕР ЖЕТІСТІГІ – МЕКТЕП МЕРЕЙІ

  Мектеп жетістігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі – бітіруші түлектердің нәтижесі. 2025–2026 оқу жылында мектебімізді 48 оқушы тәмамдады. Оның ішінде: 39 оқушы жоғары оқу орындарына түсті; 18 оқушы грант иегері атанды; 9 оқушы колледжге түсті; колледжге түскендердің 4-еуі грант иеленді.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге барлық бітіруші оқушы қатысып, мектеп бойынша орташа көрсеткіш 63,8 баллды құрады.

Биыл мектебімізден 5 «Алтын белгі» және 2 «Үздік аттестат» иегері шықты. «Алтын белгі» иегерлері: Нұрланқызы Айдана – 124 балл; Дүйсенбай Назгүл – 108 балл; Бейсенова Айдана – 126 балл; Нұрғали Жания – 134 балл; Шайзанда Мадина – 100 балл.

«Үздік аттестат» иегерлері: Алимхан Асылхан – 84 балл; Амзе Айша – 85 балл.

ЖЕҢІС – ОРТАҚ ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ

Мектеп тарихындағы әрбір жетістіктің артында үлкен еңбек жатыр. Жүлденің артында – шәкірттің маңдай тері, жеңістің артында – ұстаздың ізденісі, ал сол    жетістікке бастар жолда ата-ананың сенімі мен қолдауы бар.

Бүгінгі жетістіктер – өткен оқу жылының жемісі болса, ертеңгі жеңістер – бүгінгі ізденістің нәтижесі. Шәкірттің әрбір жеңісі – мектептің мерейі, ұстаздың абыройы, ата-ананың қуанышы. Білім мен өнерде, ғылым мен спортта биіктен көрінген шәкірттеріміздің жетістігі – бүкіл мектеп ұжымының ортақ мақтанышы. Алда бұдан да биік белестер, жаңа жеңістер мен үлкен мақсаттар тұр. Биіктерді бағындырар шәкірттеріміз көп болсын! Жеңістеріміз еселеніп, мектебіміздің абыройы асқақтай берсін!

Алия СЕЙДИКЕРИМОВА,

«Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ» КММ директордың бейіндік

 оқыту жөніндегі

орынбасары.